• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:13:41
Алматы
+35°

14 Қараша, 2018 Әлеумет

«Өлген малдарға ветеринариялық зертханамен «лептоспироз» ауруына қорытынды берілген жағдайда бюджет есебінен өтемақы төленетін болады». Бұл туралы облыстық мәслихаттың өткен сессиясында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қараша күні Жаңақорған ауданы, Байкенже ауылдық округі аумағындағы уақ мал (қой) қырылу дерегі тіркелген. Мал иесі Ахмет Рахимовтың айтуынша, келген  - 116 бас қой. Алайда, ауру ошағын зерттеу барысында облыстық комиссия 40 бас қойдың өлгенін нақтылады.

–Аудандық ветеринариялық зертханасына «лептоспироз» ауруына және азықтан улануға күмәнді деп, патологиялық материал өткізілген. Егер диагноз расталса, мал иесіне бюджеттен өтемақы төленеді, – деді аймақ басшысы.

Жаңақорған ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрбол Бакиров мәлім еткендей, «қазір жағдай тұрақты. Мал тұрған қора жайларға залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, тиісті ветеринариялық шаралар атқарылып, қатаң бақылауға алынған. Өлекселер өртеліп, арнайы мал қорымында көмілді, мамандар зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. Хабарлама түсе салысымен, ауру мал оқшауланып, сарысу және антибиотиктермен емдік шаралар жүргізілген».

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір