• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:41:57
Алматы
+35°

29 Қыркүйек, 2018 NEWS

Жаңаөзен оқиғасынан кейін жазасын өтеп шыққан белсенді қайтыс болды (фото)

Мақсат Досмағамбетов бет сүйегіндегі қатерлі ісік диагнозымен Маңғыстау облыстық ауруханасының онкологиялық бөлімінде жатқан.

Жаңаөзен оқиғасына қатысты алты жылға сотталып, жазасын өтеп шыққан ереуілшілер белсендісі Мақсат Досмағамбетов 29 қыркүйекте қатерлі ісіктен қайтыс болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттықтың дерегін негізге алып. Бұл туралы Досмағамбетовтың анасы Оңайгүл Досмағамбетова хабарлады.

Мақсат Досмағамбетов бет сүйегіндегі қатерлі ісік диагнозымен Маңғыстау облыстық ауруханасының онкологиялық бөлімінде жатқан.

Жаңаөзен белсендісі

Ол 2011 жылы Жаңаөзенде «жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушы» деп танылып, алты жылға сотталған. Қазақстан сотының барлық апелляциялық инстанциялары оның жазасын жеңілдетуден де, істі қайта қараудан да бас тартқан. 2011 жылғы Ақтаудағы сотта Мақсат Досмағамбетов ең алғаш рет түрмедегі азаптау туралы ашық мәлімдеме жасап, оның тергелуін талап етті. Оның арызынан соң қамаудағы 21 мұнайшы сотқа азаптау туралы шағым түсірді. Сот сараптамасы оның қабырғасының, бет жақ сүйегінің сынғанын анықтаған.

2015 жылы 5 ақпанда Мақсат Досмағамбетов шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. 2017 жылы 19 желтоқсанда жазасын толық өтеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір