24Қыркүйек

Жаңалық ауылында қуғын-сүргін құрбандарына арналған митинг өтті (фото)

Жаңалық ауылында қуғын-сүргін құрбандарына арналған митинг өтті (фото)
Ⓒqamshy.kz

Бүгін Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылында қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған митинг өтті. Оған облыс әкімі Амандық Баталов, қоғамдық ұйым өкілдері, репрессияға ұшыраған азаматтардың ұрпақтары, жергілікті тұрғындар қатысты, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызмет.

Митингіні ескерткіш-мемориалға гүл қоюдан бастаған облыс әкімі Амандық Баталов көпшілік алдында баяндама оқып, 31 мамыр ел тарихындағы ең бір азалы күндердің бірі екеніне тоқталды.

– Жыл сайын осы күні ел тәуелсіздігі үшін күрескен, ұлтымыздың біртуар, аяулы ұл-қыздарын, жазықсыз жапа шеккен құрбандарды еске аламыз. Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау, заңсыз қудаланған азаматтардың құқығын қалпына келтіру жұмыстары қанша уақыт өтсе де тоқталмауы тиіс. Біз Елбасының «Рухани жаңғыруә бағдарламасы аясында жазықсық құрбан болған бабалардың рухына арнап, Жаңалық ауылында музей салуды ұйғарып, биыл құрылысын бастадық. Музейдің экспозициялық залында ұлт қайраткерлері туралы материалдар қойылып, осы жерде жерленген саяси қуғын-сүргін құрбандарының аты-жөндері тас тақтаға ойылып жазылатын болады, – деді А. Баталов.

Жаңалықтағы ескерткіш
Республикалық қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы Жұмабек Ашуұлы қазақ жерінде әр кезеңде түрлі сипатта орын алған нәубеттердің тарихына, оның залалы мен болашақ үшін сол қаралы тарихты білудің маңызына тоқталды.

Саяси қуғын-сүргін құрбаны, ақын, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің ұлы Саят Жансүгіров әкесіне арнаған жүрекжарды өлеңін оқыды.

Мұхаметжан Тынышбай
Содан кейін «Әділет» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғарифолла Әнес сөз сөйледі. Ол осыдан 20 жыл бұрын «Әділет» қоғамдық бірлестігіне осы аумақтан 17 гектар жер берілгенін, сол жерге музей салу туралы арманы биыл жүзеге асқанын айтып, облыс басшылығына ризашылығын білдірді.

– Қазақстанның ең бір киелі жерінде тұрмыз. 4 150 адамның осы жерде сүйегі жатыр. Бұдан артық қандай қайғы-қасірет болуы мүмкін, бұдан артық қандай киелі жер болуы мүмкін! Осы тұрған бәріміз де жылда осы жерге келіп, аза тұтуға жазсын, – деді ғалым.

Жиналғандар саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, екерткішке гүл қойды.

Ескерткішке гүл қою

Боздақтарға құран бағышталып, ас берілді.

Айта кетейік, Жаңалық ауылында салынып жатқан саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейдің жалпы аумағы – 535 шаршы метр. Құрылыс жұмыстарына 288 млн. теңге бөлінген. Мердігер компания – «Нұр-Шапағат» ЖШС. Құрылыс жұмыстары биыл наурыз айында басталған.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 3 ай бұрын

    тіптен ауылдарда осындай еске алу шаралары жүргізіліп жатыр, өте жақсы

    1
    Алматының орталық бөлігіндегі көшелер қайта жаңғырады
    24/09 17:28 0 1697
    2
    "Жомарт Ертаев отбасыңмен бірге бауыздап тастаймын деп қорқытты" - Евгений Пак
    24/09 15:51 0 757
    3
    Альварес Головкиннің жеңісін мойындады
    24/09 15:12 0 2384
    9 қабаттан секірмекші болған астаналық аман қалды
    24/09 14:49 0 352
    Алматы мектептерінде Ерлік сабағы өткізілуде
    24/09 14:40 0 963

    Таныстырылғандар

    Мұғалжар ауданы басшысы бір жылда 35 жетім балаға баспана сыйлаған
    Мұғалжар ауданы басшысы бір жылда 35 жетім балаға баспана сыйлаған
    Мұғалжар ауданы басшысы бір жылда 35 жетім балаға баспана сыйлаған
    «Мейірімді жүрек» акциясы бойынша ата-ана қамқорлығынсыз қалған 74 баланың есепшоты 12 млн теңгеге дейін көбейтілді.
    28/08/2018 10:06 1 2532
    Ресейдің парша-паршасы қалай шығады? (аналитика)
    Ресейдің парша-паршасы қалай шығады? (аналитика)
    Ресейдің парша-паршасы қалай шығады? (аналитика)
    Ресей экономикасы қатарынан он жыл экономикалық стагнация жағдайында.
    28/08/2018 12:05 4 8253
    Аида Балаева: Әлемнің жетекші алаңдарында Қазақстанның мәдениеті мен өнері танылып жатыр
    Аида Балаева: Әлемнің жетекші алаңдарында Қазақстанның мәдениеті мен өнері танылып жатыр
    Аида Балаева: Әлемнің жетекші алаңдарында Қазақстанның мәдениеті мен өнері танылып жатыр
    «Рухани Жаңғыру» – бұл жеке жоба емес, жыл сайын жаңа идеялармен және жобалармен толыға түсетін ұзақ мерзімді бағдарлама.
    28/08/2018 12:26 1 5090
    Ядролық сынақтарға қарсы мәселелер талқыланды
    Ядролық сынақтарға қарсы мәселелер талқыланды
    Ядролық сынақтарға қарсы мәселелер талқыланды
    Мемлекет басшысы кездесу соңында Қазақстанның антиядролық бастамаларына үнемі атсалысып жүргені үшін Л.Зербоға алғыс білдірді.
    29/08/2018 17:14 0 762
    Конституция қадірі - халқының қажетіне жарауымен
    Конституция қадірі - халқының қажетіне жарауымен
    Конституция қадірі - халқының қажетіне жарауымен
    Заңдардың түп атасы саналатын - Конституция мемлекеттің тәуелсіздігі мен демократиялық құндылықтарын айқындайды.
    30/08/2018 10:22 0 916
    Елбасы: Қазақстанда экономиканың дамуына қажетті жағдайлар жасалуда
    Елбасы: Қазақстанда экономиканың дамуына қажетті жағдайлар жасалуда
    Елбасы: Қазақстанда экономиканың дамуына қажетті жағдайлар жасалуда
    Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысты
    01/09/2018 14:09 0 999
    Елбасы кімге сенеді?
    Елбасы кімге сенеді?
    Елбасы кімге сенеді?
    Елбасының сенімі мен қолдауының арқасында бірқатар шенеуніктер саяси ойынның беделді ойыншысына айналған секілді.
    05/09/2018 12:20 0 3482
    Елбасы Әсет Исекешевке үлкен сенім артты
    Елбасы Әсет Исекешевке үлкен сенім артты
    Елбасы Әсет Исекешевке үлкен сенім артты
    Елбасы жиналыс барысында Президент Әкімшілігінің жаңа басшысы Әсет Исекешевті таныстырды.
    11/09/2018 12:49 0 863
    Жақсыбеков "көлеңкеден" шыққан күн
    Жақсыбеков "көлеңкеден" шыққан күн
    Жақсыбеков "көлеңкеден" шыққан күн
    Әділбек Жақсыбекті кей сын айтушылар «президенттің көлеңкесі» деседі.
    11/09/2018 16:27 0 2435
    Үкіметтегі дағдарыс. Кім кінәлі? Сағынтаев кінәлі емес
    Үкіметтегі дағдарыс. Кім кінәлі? Сағынтаев кінәлі емес
    Үкіметтегі дағдарыс. Кім кінәлі? Сағынтаев кінәлі емес
    Ұзын құлаққа құлақ түрсек, Жақсыбековтің Президент әкімшілігі қызметінен босауы осы жағдайларға жанама қатысы болуы мүмкін.
    12/09/2018 17:07 0 2047
    2017 жылдың 12 қаңтары. Майлыбаевтың құпиясы ашылған күн
    2017 жылдың 12 қаңтары. Майлыбаевтың құпиясы ашылған күн
    2017 жылдың 12 қаңтары. Майлыбаевтың құпиясы ашылған күн
    Майлыбаевқа ұнамаған басқа тұлғалардың ішінен ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын атап өткен жөн.
    13/09/2018 12:39 0 1758
    Академия ғалымы Моңғолия президентімен кездесті
    Академия ғалымы Моңғолия президентімен кездесті
    Академия ғалымы Моңғолия президентімен кездесті
    Моңғолия президенті Х.Баттулга Моңғолиядағы мәдениет елшілерімен кездесті.
    14/09/2018 14:17 0 646
    Мұхтар Жәкішев науқас анасымен кездесуге рұқсат сұрады
    Мұхтар Жәкішев науқас анасымен кездесуге рұқсат сұрады
    Мұхтар Жәкішев науқас анасымен кездесуге рұқсат сұрады
    Қазақстан ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) Азаттыққа Мұхтар Жәкішевтің адвокаты Нұрлан Бейсекеевтің өтініш...
    17/09/2018 17:56 0 1255
    Мәні ерекше ерлік
    Мәні ерекше ерлік
    Мәні ерекше ерлік
    Мен оны, Михаил Иванович (Хакім Тілегенұлы) Есенәлиевті, тоталитарлық қасаң замандағы тарихи мәні зор қаһармандық қадамдары үшін қатты қадірлеймін
    18/09/2018 11:11 0 1157
    "Ақ жолдықтардың" сауалына Сағынтаев не деп жауап береді екен
    "Ақ жолдықтардың" сауалына Сағынтаев не деп жауап береді екен
    "Ақ жолдықтардың" сауалына Сағынтаев не деп жауап береді екен
    Бір ғана мысал, Қоянды ауылында 1999 жылы 319 тұрғын  болса, бүгінде, 35000 адам тұрады.
    19/09/2018 17:08 0 3020