• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:20:22
Алматы
+35°

18 Наурыз, 2019 Әлем

Жаңа Зеландиядағы атыс кезінде қаза болған Пәкістан азаматы ерлігі үшін марапатталады

Жаңа Зеландиядағы Крайстчерчте (Оңтүстік арал) екі мешітте атыс болып, соның салдарынан 50 адам қаза тапты.

Жаңа Зеландиядағы мешітте атыс жасаған лаңкестің қолынан қаруды тартып алуға тырысқан кезде қаза болған Пәкістан азаматы Наим Рашидті ерлігі үшін марапаттамақшы деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ♦РИА Новостиге сілтеме жасап. 

Ер адам лаңкес Ан-Нур мешітіне кірген кезде оның қолынан тапаншаны тартып алмақ болып лаңкеске тап берген. Бірақ лаңкес оны атып өлтірген.

"Пәкістан елі азаматы ақ нәсілді лаңкесті тоқтатуға тырысып жатқан кезінде қаза болған  Миан Наим Рашидпен мақтанады, сол ерлігі үшін оған мемлекеттік марапат беріледі", - деп жазды Пәкістан премьер-министрі Имран Хан Twitter-де.

Пәкістан Сыртқы істер министрлігінің мәліметтері бойынша, Жаңа Зеландиядағы лаңкестік шабуылда қаза тапқан пәкістандықтың саны - 9. 

"Крайстчерчтегі теракт кезінде қайтыс болған Пәкістан азаматтарының отбасына кез келген қолдау көрсетуге дайынбыз", - деді премьер-министр. 

Жұма күні, яғни  2019 жылы 15 наурызда  Жаңа Зеландиядағы Крайстчерчте (Оңтүстік арал) екі мешітте атыс болып, соның салдарынан 50 адам қаза тапты, тағы 50-і түрлі жарақаттар алды. Елдің Премьер-министрі бұл оқиғаның теракт екенін айтты. 

28 жастағы Брентон Таррант адам өлтіргені үшін айыпталып жатыр, сенбіде сот оны 5 сәуірге дейін абақтыға қамады. 


Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір