• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 21:47:57
Алматы
+35°

29 Қыркүйек, 2017 Әлеумет

Жаңа түскен келін үйлену тойы бола салып, күйеуінен өзіне талақ сұрады

Әйел "сауап үшін мына ақсақалға да қамқор болыңдар", - деп балаларына бұйырыпты...

Көпке сабақ болатын әңгімені Qamshy.kz ақпарат агенттігі Caravan.kz-ке сілтеме жасап назарларыңызға ұсынады. 

Бір жігіт үйленіпті... Отбасылы өмірдің бірінші күні  өзі, келіншегі және анасы дастарxан басына жиналады. Күйеуі әйеліне ерекше құрмет көрсетіп үлкен сәнді кеседе тамақтың ең дәмді жерін ұсынған. Ал анасына тамақты қарапайым кеседе берген. Осыны көрген текті әрі дана келіншек күйеуіне "Менің талағымды беріңіз, сізбен ажырасамын," - деген екен.

Күйеуі сүйіп қосылған келіншегінің шешімін өзгертуге тырысқан. Алайда әйелі көнбеген. Күйеуі келіншегің мұндай шешім қабылдауының сырын білгісі келді. Сонда қеліншек "Бала қанына тартады. Қалай жазаласаң, солай жазаланасың деген дана сөз бар. Мен сізден бала тапқым келмейді. Егер ортақ баламыз болса анаңызды қорлағандай мен де ертең қорланамын ба деп қорқамын" - депті.

Келіншек ол жігітпен ажырасып, анасына ерекше ілтипат, құрмет көрсететін жігітке тұрмысқа шыққан. Арадан біраз жылдар өткеннен кейін әйел керуенде түйенің үстіне қойылған түймешеде, бала-шағасының жанында кетіп бара жатса, керуеннің соңында жаяу келе жатқан бір шалға көзі түседі...

Сонда әйел "Ана ақсақалды шақырыңар", - деп балаларына бұйырыпты. Ол шал бұрынғы күйеуі екен... Әйел ақсақалға қарап "Мені таныдыңызба?" - деп сұрапты. Сонда шал "Жоқ", - деп жауап берген. Әйел "Мен сіздің бұрынғы келіншегіңізбін. Сізге сол кезде "Қанына тартпай тумайды. Қалай жазаласаң, солай жазаланасың!" деп айтпап па едім?! Енді сөзімнің растығына өзіңіздің де көзіңіз жетті. Менің балаларым қалай қызмет етіп жүр. Ал сіздің қартайған кезде жаныңыздан табылуы тиіс бала-шағаңыз қайда?" - депті.

Әйел "сауап үшін мына ақсақалға да қамқор болыңдар", - деп балаларына бұйырыпты...

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір