• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:58:10
Алматы
+35°

25 Тамыз, 2018

Жаңа телевизиялық маусымның басталуына 3-ақ күн қалды

Ұлттық арнадағы жаңа маусым дүйсенбі күні, 28 тамызда басталады

Жаңа телевизиялық маусымның басталуына бар жоғы 3-ақ күн қалды. Қазіргі сәтте бізде қызу дайындық жұмыстары жалғасуда. Студияларда декорациялар бойынша монтаждау жұмыстары жүргізіліп, жарық қондырғылары орнатылып жатыр. Бүгін соңғы монтаждық жұмыстар аяқталған соң, сенбі-жексенбі күндері жаңа студияларда бағдарламалардың алғашқы түсірілімдерін тестілеуден өткізіп, дүйсенбі күннен бастап жаңа маусымға жол тартамыз. Бұның бәрі өте күрделі және ауқымды жұмыс болды. Ребрендингке байланысты, алдында да айтып өттім, көпшілік қауым ұнатып қолдау көрсетті, сол үшін тағы да алғысымды білдіремін. Аймақтық телеарналарды бұрынғы тарихи негізі бар атаулармен атағанымыз да кен қолдау тапты. Жаңа атаулардың таңбалануындағы кейбір сұрақтарға байланысты уайымдаудың еш қажеті жоқ, себебі, латын әліпбиінің бекітілген нұсқасы белгілі болған соң, бәрі де соған сәйкес ауыстырылатын болады. Бұл тестілік нұсқа ретінде сол атаулардың ағылшын тілінде қолданылатын үлгілері ғана. Ең бастысы, жаңа атауларға еліміздің сан ғасырлық тарихынан сыр шерткен атауларды енгізгеніміз өте маңызды қадам болды. Сондықтан, аймақтық телеарналардың жаңа логотиптері – Көкше, Ертіс, Ақжайық, Сарыарқа сияқты атаулармен өзгертіледі. Бастысы осы. Сондыктан, жылы ниет танытып жатқандарыңыз үшін тағы да көп рахмет! 
Бірақ, бұл маусымның жаңалығы эфирдің безендірілуі, графикалық жаңаруы немесе ребрендинг ғана емес, ең бастысы, экранға шығатын жаңа бағдарламалар мен жобалардың мазмұны мен сапасына аса мән беріліп отырғанын атап өткім келеді. Сол себепті, негізгі жұмыс осы бағытта жүргізіліп жатыр. 
Корпорация құрамына кіретін құрылымдардың ребрендингі біртіндеп жүзеге асатын болады. Ұлттық арнадағы жаңа маусым дүйсенбі күні, 28 тамызда басталса, «Qazsport» арнасының эфирі қыркүйектің 1-нен, ал, балаларға арналған тұңғыш «Balapan» арнасы 4 қыркүйекте жаңарады. 14 аймақта орналасқан телеарналардағы жаңа маусым қыркүйек айының соңында бір сәтте көрерменге жол тартады. 
Жалпы айтқанда, көрермендерімізді қызықты да, тың жобалармен қуантатын боламыз. Ұлттық арнаның жаңа жобалары жайында толық ақпаратты ертең хабарлаймын. 
Ең басты жаңалықтарымыз алда, сондықтан, бізбен бірге болыңыздар!

Ерлан Қариннің фейсбук парақшасынан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір