• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:03:41
Алматы
+35°

13 Маусым, 2018 Саясат

Жаңа омбудсмен ОҚО-дағы зорланған баланың мәселесіне назар аударды

Оның айтуынша, балалар құқықтарын қорғау үшін алдымен ана мен әке институтын күшейту керек.

ҚР Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне жаңадан тағайындалған Сәуле Айтпаева алдағы жоспарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Әрине, алдымен бәрін қарап шығу қажет. Осы жұмыстың негізінде алдағы жоспарлар да жасалады. Сөз жоқ, балалар құқықтарын қорғау мәселесіне баса назар аударылады. Мен өзі бір күннің ішінде миллиондаған баланың анасы болып шықтым. Бұл – үлкен жауапкершілік, үлкен сенім. Ал жауапкершілік бар жерде жұмыс та көп. Мен өзім бір нәрсені алдын ала айтпаймын, нақты фактімен сөйлегенді жақсы көремін», – деді С.Айтпаева журналистерге берген сұxбатында.

Оның айтуынша, балалар құқықтарын қорғау үшін алдымен ана мен әке институтын күшейту керек. Мұғалімдер де баланың көңіліне баса назар аударуы қажет.

«Біріншіден, ата-аналар өз баласының жағдайын түсінуі керек. Оны қандай мәселелер мазалап жүр? Неге алаңдайды? Соның бәрін білуі тиіс. Екіншіден, мұғалімдер де баланың жағдайын бақылуы қажет. Әлі есімде, біздің кезімізде мұғалімдер анамыз сияқты болды. Отбасының жағдайын, баланың қандай мәселеге алаңдап жүргенін – бәрін-бәрін біліп отыратын. Меніңше, қазіргі сынып сағаттарын мұғалім мен бала арасындағы байланысты орнатуға арнау қажет. Негізі, мұғалімге, анаға, әкеге деген сенім болса, баланың өз-өзіне деген сенімі де мықты болады. Дәл осы сенімді күшейтуіміз керек. Әке кодексі, ана кодексі сияқты бір құжат болу керек сияқты. Сонда нақты ақыл-кеңестерді көрсетуге болады», – деп атап көрсетті  Айтпаева.

Естеріңізге салсақ,  кеше Президенттің өкімімен ҚР Парламент Сенатының депутаты Сәуле Айтпаева ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды. Сәуле Мұханбедианқызы - Қазақстанның тұңғыш әйел генералы. Осынау жоғары шенді 2013 жылы Отан Қорғаушылар күні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі табыс еткен болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір