• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:30:58
Алматы
+35°

06 Наурыз, 2019 NEWS

Жаңа эксперимент: Баласына ана тілін үйреткен ата-анаға 600 доллар төленеді

Мектеп табалдырығын аттаған бала өзінің ана тілін еркін меңгерген болса, оның ата-анасына қосымша қаржы төленетін болады

Авдармада ата-ана мен бала өзара гагауз тілінде сөйлесуі үшін жаңа эксперимент ойлап тапты. Мектеп табалдырығын аттаған бала өзінің ана тілін еркін меңгерген болса, оның ата-анасына қосымша 10 000 лей (600 АҚШ доллары) қаржы төленетін болады. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі Avdarma.md сайтының дерегіне сүйеніп хабарлайды.

Елена Карамит есімді депутаттың бұл бастамасына ауыл меценаттары да  қолдау білдіріпті. Жаңа эксперимент 2019 жылдың соңына дейін жалғасатын болады.

Мектеп табалдырығын әлі аттамаған балалар және басқа да жасөспірімдердің гагауз тілін білмеуі – бұл елде күн тәртібінде тұрған мәселе ретінде қарастырылуда.

Мектепке алғаш барған баланың гагауз тілін білмеуінің себебін жергілікті мұғалімдер отбасында ана тілінде қарым-қатынастың аздығынан екендігін айтады. Бүгінде осы проблеманы шешуге көп көңіл бөлініп, балабақшалар мен автономиялы мектептерде гагауз тілінде балалармен қарым-қатынас жасауды дамытып, сол үшін жағдай жасау көзделуде.

Бүгінде тіл мәселесі гагауз қоғамында қызу талқылана бастаған. Гагауз халықтың кеңесінің депутаттары бірауыздан «Гагауз тілін қолдану аясын кеңейту туралы» шешім қабылдап, 2019 жылдың басынан бұл заң өз күшіне енді.

«2017 жылы біздің лицейге  35 бала бірінші сыныпқа келген болатын, олардың ішінде тек 3-і ғана гагауз тілін еркін меңгерген. Біз депутаттармен бірлесе отырып бір жарым жыл бойы бұл мәселенің шешімін қарастырдық, кейіннен гагауз тіліне байланысты жаңа заң қабылдау қажет деп шештік. Адамдармен сөйлесу барысында олар өз отбасыларында гагауз тілінде бір-бірімен қарым-қатынас жасамайтындығы белгілі болды. Сондықтан, келешек ұрпақ ана тілін еркін меңгеруі үшін оған қолайлы жағдай туындау қажеттігін түсіндік», - деп айтып өтті депутат Елена Кармит.

Оның айтуынша, депутаттың бастамасына Авдарма ауылдарының меценаттары қолдау білдіріп, өз отбасында балаларына гагауз тілін үйреткен ата-анаға қосымша жәрдемақы беру қарастырылыпты.

«Балалар мектеп табалдырығын аттағаннан кейін олармен гагауз тілінде ауызша сұхбат құрамыз. Баланы жасын есепке ала отырып, оның гагауз тілін қаншалықты меңгергенін қарап, оның ата-анасына 10 000 лей көлемінде сыйақы төлейтін боламыз. Біздің бұл тәжірибеміз өз нәтижесін беріп, гагауз тілінің қолданылу аясын кеңейтеді деп сенеміз. Бұл – біздің келешек ұрпағымыздың алдындағы басты міндетіміз», - деп айтып өтті Елена Карамит.

Ұсынған: Назерке Лабихан

Nazerke Labihan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір