• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:52:22
Алматы
+35°

04 Наурыз, 2019 Әлеумет

Жаңа челлендж: Танымал депутат тұрмысы төмен отбасыларға 7 млн теңге аударды

Сіздерді де көпбалалы және көмекке мұқтаж отбасыларға жәрдем беруге шақырамын!

Алматылық кәсіпкерлер "Бақытты отбасы" челленджін бастады. Ол серіктестерін табысы төмен және көпбалалы отбасыларға көмектесуге шақырды

Ерекше эстафетаны қалалық мәслихаттың депутаты Қайрат Құдайберген ашты. Ол өзі сынды кәсіпкер серіктестерін табысы төмен және көпбалалы отбасыларға көмектесуге шақырды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv-ның дерегін негізге алып. 

Халық қалаулысы кедей отбасында өскенін және соған қарамастан қиын-қыстау кезеңде де қайырымдылықпен айналысқанын еске алды.

"Мен бұл челленджді әрмен қарай өзімнің кәсіпкер әріптестерім Арманжан Байтасовқа, Серік Түлкібасовқа, Гүлмира Толғанбаеваға, Дулат Тастекеевке және Алмас Әбдіғаппаровқа жолдаймын. Сіздерді де көпбалалы және көмекке мұқтаж отбасыларға жәрдем беруге шақырамын!", – деді Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген.

Ерекше акцияға барлық қазақстандық қатыса алады. Айта кетейік, ізгілікті істі бастаған Қайрат Құдайбергеннің өзі бірінші болып қорға 7 миллион теңге қаражат аударды.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір