• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:45:35
Алматы
+35°

18 Наурыз, 2019 Әлеумет

Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйінің ауласында маскүнемдер өріп жүр. Осыған қатысты шара қолданайын деген әкімдік жоқ. Өзінің жанайқайын мұражай директоры Райхан Имаханбет Facebook-тегі парақшасы арқылы білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ахмет Байтұрсынұлы мұражайы

«Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің ауласы маскүнем, бомждардың мекеніне айналды!
Музей сакральді тізімге енсе де, мемлекет қарамағында жоқ! Қала балансына кірмегендіктен, ахуал осы...  Жекешелеген басшының мұнымен ісі жоқ», - деп жазды Райхан Имаханбет.

Ахмет Байтұрсынұлы мұражайы

Айтуынша, мұражай айналасын кезіп жүрген маскүнемдерді суретке түсіріп алып Алмалы ауданының әкімшілігіне салып, көмек сұраған екен.

Байтұрсынұлы мұражайы

«Обалы нешік тазалатады, бірақ бұл "картина" аптасына 3-4 рет қайталанады. Музейге келушілердің алдында қысылып... қызарып "екілік" алған баладай ыңғайсыз күйге түсеміз.

Байтұрсынұлы мұражайы
Музей гиді Жансая Сман қор басшысын құлақтандырса, "демалып" жатыр деп қысқа қайырған. 
Ұлт ұстазының 125 жылдығына орай, 1998 жылы салтанатты түрде ашылған тағылым-үйдің тағдырына ел басшыларының селсоқ көзқарасы... жекешелеп алушының жосықсыз жауабы...
Не істеу керек???» - деп күйінді мұражай директоры.

Ахмет Байтұрсынұлы

Қазақ халқына қызмет еткен, халқы үшін жанын пида қылған Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлы осы үйде тұрған. Дәл осы баспанадан оны «халық жауы» атандырып, отбасымен қоса қуып шыққан. Ұлт бастауында тұрған ұлы тұлғаны кейінгі ұрпақ танып-білсін деген мақсатта бүгінде бұл ғимаратты ақын атындағы мұражайға айналдырған.

1988 жылы алашордашылар ақталған тұста Байтұрсыновтың балалары мен немерелері Ахметтің атына қоғамдық қор құрып, ақынның бір кездері тұрған үйін мұражайға айналдыруды қолға алады. Алайда бұл істі жүзеге асыру оңайға соқпады. Себебі, үй басқа біреулердің меншігіне өткен еді. Дегенмен де, ақын ұрпақтарының бастамасы нәтижесіз қалмады. 1993 жылы Алматы қаласы, Космонавтов көшесінің бойындағы нөмірі 60-шы үйді мұражайға айналдыру жөнінде шешім қабылданады. Осылайша, 1998 жылдың 12 қыркүйегінде қайта жөндеу жұмыстарынан өткен мұражай-үйдің салтанатты түрде ашылуы болады. Сондай-ақ, Алматы қаласындағы көптеген көшелердің атауы өзгертілген тұста ғалымның үйі орналасқан осы бір көше Байтұрсынұлы деп ауыстырылады.

Ахмет Байтұрсынұлы мұражайы

Төрт бөлмеден тұратын мұражайдағы ең үлкен әрі жарық екі бөлмеде Байтұрсынұлының отбасына және замандас достарына қатысты құнды мағлұматтардың түпнұсқасы мен көшірмесі және бірең-сараң экспонаттар бар. Ал үшінші тар әрі қараңғы бөлмеге санаулы ғана экспонат қойылған екен. Мұнда Ахмет Байтұрсыновтың ату жазасына кесілер алдында түскен фотосуреті ілініп тұр.

Гүлім Жақан

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір