• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 18:56:56
Алматы
+35°

20 Наурыз, 2019 Саясат

Жанат Ешмағамбетов ҚР әділет министрінің орынбасары қызметінен босатылды

Әділет министрінің орынбасары лауазымына 8 сәуір 2016 жыл тағайындалды.

Жанат Ешмағамбетов ҚР әділет министрінің орынбасары қызметінен босатылды деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Ешмағамбетов Жанат Болатұлы берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының әділет министрінің орынбасары қызметінен өз еркімен босатылды", - делінген хабарламада. 

Жанат Ешмағамбетов 1970 жылы 9 қыркүйекте Қарағанды облысының Саран қаласында дүниеге келген. Үйленген, екі қыз тәрбиелеп отыр. Қарағанды политехникалық институтының "тау-кен инженер-технолог" мамандығы бойынша (1992) және Қарағанды Экономикалық Университетінің "Құқықтану" мамандығы бойынша білім алған. 

Еңбек жолын 1992 Қарағанды қаласының "Арқа" құрылыс фирмасының жабдықтау бөліміде аға маманболып бастаған. Әр жылдары Ұлттық қауіпсіздік, қаржы полициясы комитетінде, Әділет министрлігінде қызмет атқарған. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде және Қауіпсіздік кеңесінің хатшылығында жұмыс істеді. Әділет министрінің орынбасары лауазымына 8 сәуір 2016 жыл тағайындалды.

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір