"Жан" сөзін айтуға болмайды, ол – жындардың атасы"

"Жан" сөзін айтуға болмайды, ол – жындардың атасы"
ⒸПикабу

Соңғы уақытта «Жан» сөзіне қатысты әлеуметтік желіде екіұдай пікір шыға бастады. Бұл тақырыптың қозғалуына Меккеде қажыларға жол сілтеп жүрген бір бауырымыздың: «Біз кейде жақсы көрген адамдарға «Жаанн» дейміз. Бұл сөзді айтуға болмайды. Өйткені, Жаанн деген жындардың атасы!» — деген пікірі себеп болды. Сонымен осы сөздің төркініне үңіліп көрелік.

Алдымен, «Жан» сөзінің мағынасына тоқталсақ, бұл сөз қазаққа парсыдан енген сөз. Яғни, тіршілік, тірінің бойындағы өмір қуаты, өмір нәрі (жәуһары) деген мағынаны білдіретін сөз. Бұл сөзді жалаң түрде ғана емес туынды сөздерде де көптеп қолданамыз. Мысалы, қазақтағы жануар сөзі, парсының жанәуар (тіршілік иесі, тірі) жан-азар (жанды ауыртатын, ауыртпашылық тудыратын), жанғақ (жан-гаһ)  жан үйі (қабы) сияқты көптеген сөздерді тізбектеуге болады. Солардың ішінде ең мағыналысы жанбас (жан-баз) сөзі. Бұл сөздің тікелей мағынасы жанмен ойнау дегенді білдіргенімен, жанбастың (жамбас) өмірлік мәні бар екендігі белгілі. Адам өлгеннен кейін оның сүйегі шіріп кетеді. Болмаса өртеніп өледі, суға кетеді т.б. Бірақ адам ақырзаманда махшар күні қалай тіріледі деген сұраққа кейбір ғалымдар Құранды тәпсірлей отырып, адамның жанбасында бір «дәнек» бар. Ол қандай әсерге де жойылмайды. Міне, сол дәнектің арқасында Алла Тағала қиямет күні адамзатты тірілтеді екен деген көзқараста да ойланарлық дүние бар. Демек бұл мағынада ешқандай жындардың атасы туралы мағына жоқ!

Екіншіден, қазір де көп қолданылатын рух сөзінің баламасы ретіндегі «жан». Расында, көбіміз бұл сөздерді бір-бірінің баламасы ретінде қолдана береміз. Бірақ Шәкәрім Құдайберді ұлы: «Нәпсі дер рухсыз жандарды, Мейлі адам, мейлі аңдарды» деп рух пен жанның бөлек дүниелер екендігін айтады. Өйткені адамды басқа тіршілік иелерінен дараландырып тұрған жан емес, рух. Себебі, тіршіліктің бәрінде жан бар, ал рух тек тірі адамға тән. Бұл мәселеге ой жүгірткен ғалымдардың қарасы көп, ежелгі дәуірден бастап қазірге дейін жан туралы талас тартыстар толастар емес. Тіпті, психология ғылымын қазірде «Жан тану» деп атау да белең алып келе жатыр. Сондықтан жанның екінші мағынасында да ешқандай жындарға қатыстылығы байқалмайды.

Үшіншіден, Құрандағы Рахман сүресінің 15-аятында «Уә халақал-Жаанна мин мәрижин мин Нәәр» (Жындарды оттың жалынынан жаратты) деген сөзіндегі жындардың көпше түрінде айтылатын «Жаанн» сөзінің екінші бір мағынасы оттан жаратылған Жындардың атасы деген мағына бар. Осы тұрғыдан келгенде жоғарыда айтқан бауырымыздың пікірінде ақиқат пайы бар екендігін жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен қазақтың тілінде Жындардың атасын Жаанн деп атау әдетке айналмағандықтан, біз парсы тіліндегі өмір нәрі, тіршілік қорегі мағынасындағы Жан, жаным, жанымның жартысы сияқты сөздері жақсы көретін адамдарымызға қаратып атйуымызда ешқандай әбестік жоқ. Сондықтан жақындарымызды «Жаным» деп бағалап, жылы сөздерімізді аямайық!

Кеңшілік Тышқан,

дінтанушы-ғалым

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 4 күн бұрын

    Керемет ,тәрбиелік мәні зор ,авторға рахмет .

    1
    Оразаға дайындығың қалай?
    19/04 17:46 0 389
    2
    Үшемге жүкті болған келіншек егіз босанды
    19/04 17:33 0 194
    3
    Атырауда мамандандырылған ХҚКО шамамен 7 мың жүргізуші куәлігін берді
    19/04 17:17 0 149
    Бәзілбаев бесінші рет президент сайлауына түспек
    19/04 16:17 1 358
    Алтын қордағы үздік ертегілер мен жырлар арнайы жинақ болып шықты
    19/04 14:28 0 227

    Таныстырылғандар

    Қарғалар сайлаған падишах
    Қарғалар сайлаған падишах
    Қарғалар сайлаған падишах
    Қайта сайланған бақыт иесін көруге жұрт алаңға жиналды. Олар не көрді дейсіздер ме? Тау болып үйілген карғаның нәжісіне көміліп өліп жатқан падишахты көрді.
    11/04/2019 09:07 0 728
    Кайдзеннің 6 қағидасы. Жапондар өмірін қалай жеңілдетті?
    Кайдзеннің 6 қағидасы. Жапондар өмірін қалай жеңілдетті?
    Кайдзеннің 6 қағидасы. Жапондар өмірін қалай жеңілдетті?
    Біз өзгертуге құмармыз, ал өзгеруге ше?
    11/04/2019 12:19 0 6701
    Қызылорда тумасы Эстония астанасының мэрі атанды
    Қызылорда тумасы Эстония астанасының мэрі атанды
    Қызылорда тумасы Эстония астанасының мэрі атанды
    Сайлауға қалалық жиналыстың 70 депутаты дауыс беруге қатысқан.
    12/04/2019 10:29 0 2094
    Адамзат туралы айтары бар ерекше 17 ескерткіш
    Адамзат туралы айтары бар ерекше 17 ескерткіш
    Адамзат туралы айтары бар ерекше 17 ескерткіш
    "Өмірдегі ең бастысы — лайк», "Әйелдің күшін басшылықта біліңдер. Оның өзіндік құны бар"
    15/04/2019 17:32 0 1140
    900 жылдық тарихы бар ғимарат отқа оранды (фото, видео)
    900 жылдық тарихы бар ғимарат отқа оранды (фото, видео)
    900 жылдық тарихы бар ғимарат отқа оранды (фото, видео)
    Париждегі тарихы тереңнен басталатын, ең көркем ғимараттардың бірі – Нотер-Дам соборы өртке оранды
    16/04/2019 09:40 0 1256
    Ахметжан Есімов: Жігіттер жақсылап түсінсін дегенім ғой...
    Ахметжан Есімов: Жігіттер жақсылап түсінсін дегенім ғой...
    Ахметжан Есімов: Жігіттер жақсылап түсінсін дегенім ғой...
    Біздің ел үшін мұның қаншалықты маңызды екенін басқа да жігіттер жақсылап түсінсін дегенім ғой.
    16/04/2019 13:13 0 1980
    Тексеріс аяқталды: қару мен ақша табылған көлік әкімнің ұлына тиесілі
    Тексеріс аяқталды: қару мен ақша табылған көлік әкімнің ұлына тиесілі
    Тексеріс аяқталды: қару мен ақша табылған көлік әкімнің ұлына тиесілі
    Жүксалғышынан бума-бума ақша мен оқ дәрі, травмат табылған.
    16/04/2019 16:35 1 1271
    "Балуан Шолақ" фильмі: көруге итермелейтін 5 себеп
    "Балуан Шолақ" фильмі: көруге итермелейтін 5 себеп
    "Балуан Шолақ" фильмі: көруге итермелейтін 5 себеп
    Бүгін "Chaplin" кинотеатрында "Балуан Шолақ" картинасының алдын-ала көрсетілімі болды.
    17/04/2019 00:48 0 742
    Жас жұбайлардың тракторлардан құралған кортежі жұртты таңғалдырды (видео)
    Жас жұбайлардың тракторлардан құралған кортежі жұртты таңғалдырды (видео)
    Жас жұбайлардың тракторлардан құралған кортежі жұртты таңғалдырды (видео)
    қалыңдық бұл туралы тойдың алдында ғана білген екен.
    17/04/2019 09:45 0 521
    Үстіне шкаф құлап, еріні жыртылған баланың ата-анасы наразылық білдіруде
    Үстіне шкаф құлап, еріні жыртылған баланың ата-анасы наразылық білдіруде
    Үстіне шкаф құлап, еріні жыртылған баланың ата-анасы наразылық білдіруде
    Енді істің анық-қанығын нақтылауға полиция кірісті.
    18/04/2019 09:18 0 229
    Кешегі бай қазақтың ұрпағы бүгін неге кедей? Қаржыгер жауап береді
    Кешегі бай қазақтың ұрпағы бүгін неге кедей? Қаржыгер жауап береді
    Кешегі бай қазақтың ұрпағы бүгін неге кедей? Қаржыгер жауап береді
    Адамдар инвестицияны Қытайдан күтеді. Неге?
    19/04/2019 11:06 0 613
    Екі қолы, бір аяғы жоқ жас жігіттің әні көпшілікті жылатты (видео)
    Екі қолы, бір аяғы жоқ жас жігіттің әні көпшілікті жылатты (видео)
    Екі қолы, бір аяғы жоқ жас жігіттің әні көпшілікті жылатты (видео)
    Жетім көрсең жебей жүр...
    19/04/2019 11:15 0 1940
    Жетісайдағы жауыздық: Үш қыздың әкесі – салафит
    Жетісайдағы жауыздық: Үш қыздың әкесі – салафит
    Жетісайдағы жауыздық: Үш қыздың әкесі – салафит
    Әркімнің өз шындығы бар!
    19/04/2019 11:32 0 3083
    Үшемге жүкті болған келіншек егіз босанды
    Үшемге жүкті болған келіншек егіз босанды
    Үшемге жүкті болған келіншек егіз босанды
    2018 жылдың қыркүйегінде жүктіліктің екі айлық кезінде Гүлзина Джалал-Абадта УДЗ-ге түседі. Зерттеу оның жатырында үш эмбрион барын көрсеткен.
    19/04/2019 17:33 0 195