• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:33:12
Алматы
+35°

23 Тамыз, 2017 NEWS

Жамбыл облысында алимент төлемеген азамат қамауға алынды

Сот отырысы барысында, құқық бұзушы М. кінәсін мойындады

Жамбыл облысы Жамбыл аудандық сотында құқық бұзушы М.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушысы туралы кодексінің 669-бабымен (сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау) (мәтін бойынша әрі қарай ҚР ӘҚБтК) әкімшілік ісі қаралды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

15.12.2015 жылғы Жамбыл аудандық сотының сот бұйрығына сәйкес, борышкер М.-дан кәмелеттік жасқа толмаған балаларын асырап бағу үшін 14.12.2015 жылдан бастап барлық тапқан табысының 1/2 бөлігінде алимент өндірілген. Алайда, М. сот бұйрығын орындаудан жалтарып, алимент төлемеген. Осының нәтижесінде оның алимент бойынша берешегі 1 156 799 (бір миллион жүз елу алты мың жеті жүз тоқсан тоғыз) теңгені құраған.

Сот отырысы барысында, құқық бұзушы М. кінәсін мойындап, алдағы уақытта алимент берешегін толық төлейтінін айтты.

Сот қаулысымен М.-ға ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір