• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:48:09
Алматы
+35°

20 Тамыз, 2018 Әлеумет

Бакиева Гүлнәр Нариманқызы жалғызбасты ана, екінші топтағы мүгедек. Ол өзіне емес, қызы үшін халықтан көмек сұрап отыр. Бауыр еті баласы үшін ана жүрегі дамыл таппай, баламды қайтсем жетілдірем, қатарынан қалдырмай білім беремін деп тыраштанып жүр.

12 жастағы Алабина биыл 6-шы сыныпқа барады.  Алайда мектепке баруға дайын емес. Моральдық тұрғыда емес, материалдық жағынан. Алғашқы қоңырауға санаулы күндер қалса да Алабинаның оқуға қажетті құрал-жабдықтары, тіпті киетін киімі жоқ. Гүлнәр Нариманқызы «жағдайым мүлде болмай тұрғандықтан, амалсыздан халықтан көмек сұрауға мәжбүрмін», дейді.

- Қазір бәрі қымбат. Жылдан жылға мектепке қажетті жабдықтар, киім қымбаттап жатыр, - дейді ашынған ана.

Өлместің күйін кешкен отбасы айына 60 мың теңгеге күнелтіп келеді. Оның 40 мыңы мүмкіндігі шектеулі жанға берілетін жәрдемақы болса, 20 мыңын күзетші ретінде алады. Жалғызбасты ана ретінде берілетін жәрдемақыны алудың машақаты көп екен.

- Жүріп, тұруым қиын. Ал жәрдемақы алу үшін қанша есікті қағып, қанша табалдырықты тоздыруың қажет. Оған менің физикалық тұрғыда мүмкіндігім жоқ. Оның үстіне кейбір анықтама ақылы. Оған берер ақшам да жоқ, дейді Гүлнәр Нариманқызы.

Алабинаның әкесі қызына ешқандай көмек көрсетпейді екен. Алимент мәселесін шешу қайта «жүгіруге» тіреледі.

Гүлнәрдың баспанасы жоқ, ал пәтер жалдап тұруға қаржылық жағдайы келмейді. Сондықтан анасының 3 бөлмелі үйінде қызы екеуі 8 адаммен бірге тұруға мәжбүр. Пәтер ақы төлемесе де қызы екеуінің үйде тұрып жатқанының ақысы ретінде үлкен отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр.

Жаны нәзік бола тұра, өмірдің бұралаң жолдарына шыдап, қызын өсіріп, жетілдіру мақсатында  берілмей келе жатқан қайсар ана халықтан көмек сұрап отыр.

Көмекке зәру адамға қол ұшын беру – адамшылықтың басты белгілерінің бірі. Алабинаға қаржылай немесе киім-кешек, мектепке арналған жабдық түрінде көмек көрсетемін десеңіздер мархабат. Бакиева Гүлнар - 87074840774

Каспий голд - 5169493159723363.

Алабинаға қажетті жабдықтар: Қалам – 20. Түрлі-түсті қарындаш – 24. Қарындаш – 2 қорап. Өшіргіш – 5. Ұштағыш – 5. Пенал – 1.  Рюкзак-1. Дене шынықтыру сабағына арналған киімді салатын қорап. Сызғыш – 1 қорап. Циркуль – 1. Қыл қалам – 1 қорап. 19 түсті краска – 1. Түрлі түсті қалам – 24. Альбом – 2. Фломастер -1. Пластелин-1. Түрлі түсті қағаз – 2. Түрлі түсті картон – 2. Жазу дәптері – 30. Тор дәптер – 30. Қалың дәптер – 10. ПВА-2 желім. Дене шынықтыру сабағына арналған киім. Ақ футболка – 2. Майка – 2. Колготки. Шұлық. Көк түсті шалбар – 2. Туфли. (аяқ киімінің өлшемі -35). Кроссовки. Юбка – 2 (өлшемі -36). Бантик - 2.  Блузка – 2 (қысқа және ұзын жеңді).

Гүлнәр қолы қалт етсе өлең жазады. Оның бірін марқұм Денис Тенге арнаған екен. Жас таланттың қыршыннан қиылғаны жанынан қатты батқанын айтады.

Өлең

 

Assem Almuhanbet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір