"Жалған патшалар" оқулыққа неге енгізілмеген?

"Жалған патшалар" оқулыққа неге енгізілмеген?
ⒸZebra.today

Әдетте Есім хан тұсындағы мемлекет тарихына көз жүгіртсеңіз жиырма жылға созылған қазақ-бұхар соғысын, ойраттармен қақтығысты және Тұрсын ханның бүлігі туралы оқисыз. Алайда сіз «Жалған Әбдіғаппар» туралы естіп көрдіңіз бе?

Тәуекел ханымыздың Орта Азия жорығы бәрімізге жақсы таныс. Бұхара түбіндегі ұрыста ауыр жараланған хан хәл үстінде Ташкентке жеткізіліп, сонда бақилық сапарға аттанды. Ағасының қайғысынан қан жұтқан Ес-Мұхамед әскердегі билікті өз қолына алды.

Сонымен, Мәскеуде Борис Годунов, ал Түркістанда Есім хан таққа отырды. Алайда артынша бес-алты жылдан кейін Годунов дүниеден өтіп тақты оның ұлы II  Фёдор иеленді. Бірақ бұл жас жігіттің тағдыры трагедиямен аяқталып, билігі бірнеше айларға ғана созылды. Бір қызығы осы тұста екі мемлекетте де «жалған патшалар» пайда бола кетті.

Соғыс әлі жүріп жатты. Ал билік басына келген Есімнің алдында қордаланған мәселелер көбейді. Шығыста ойраттар ұдайы қауіп төндіріп тұрды, Еділ мен Жайықтағы жұт, ноғайлардың қазақтан бөлініп көшіп кетуі. Енді міне Бұхар тағына жайғасқан Бақи-Мұхамедтің әскері қазақ жеріне келе жатыр. 20 жылға созылған қазақ-бұхар соғысының алғашқы эпизодтары осылай басталған еді.

Бұхар әмірі жайдан-жай шабуылға шыққан жоқ. Бұл Бақи-Мұхамед деген адам сарай төңкерісінен кейін билікке келген. Жастығына қарамай біздің Тәуекел ханымызға айтарлықтай қарсылық көрсетіп, қамалын қорғап қалғаны және бар. Бұхарда шайбанилер әулеті жойылып, енді жаңа әулет, аштарханилер (орыстар Астраханды жаулап алғанда қашып келген хандар тұқымы) билігі орнады.  Бақи-Мұхамедтің үкілі үміті бар еді. Әміршінің бұл үміті үй ішіне үй тігуге әрекеттенген қарақалпақ билеушісі «Жалған Әбдіғаппар» болатын. Әйтпесе, кеше ғана ойсырай жеңіліп, Бұхараға қашқан өзбектерде қазақтарға қарсы жорыққа шығатын әлеуетті күш жоқ еді.

Арасы бірнеше жыл ғана айырмашылығы бар демесеңіз, Ресейде «Жалған Дмитрий», ал Қазақ хандығында «Жалған Әбдіғаппар» пайда болды. Бұл уақытта екі мемлекет гүлдену шағына аяқ басқан-ды. Ресей айналасындағы шағын княздықтарды біріктіріп, Қазан, Астрахан мен Сібірді жаулағанда, Қазақ хандығы ру-тайпалардың басын қосып, қарақалпақ, қырғыз бен ноғайды, Сібірден бөлінген қазақ руларын енді қол астына біріктірген тұста осындай шырғалаңға тап болды.

Сонымен «жалған патшалар» алтын таққа қонжия кетті. Жалған Дмитрий Мәскеуді, ал Жалған Әбдіғаппар Түркістанды биледі. Ал қарапайым халық заңды патшаның кім екенін түсіне алмай дал болды. Жалған патшалардың халықты өзіне сендіре білуі ойын жүрістерін мүлде шатастырып жіберді. Әбдіғаппар деген бұл адам қарақалпақ ортасынан шыққан, Сыр бойындағы ұсақ билеушілердің бірі еді. Жергілікті халыққа өзін Шыңғыс ханның ұрпағымын деп таныстырған ол жалғыз Түркістанды емес, Ташкентпен қоса Сайрамды да қаратты. Ал Есім хан өзіне тиесілі билікті ала алмай, бар уақытын сыртқы жаумен күресуге жұмсады. Есімнің сыртқы жаулармен күресуге күшін сарп етуі  Жалған Әбдіғаппардың жанына майдай жақты. Осылайша Мәскеу мен Түркістан сарайы «жалған патшалар» мекеніне айналды. Енді қайтпек керек деген ой екі елді де мазалады. Осыны пайдаланған көрші елдер қауіп төндіре бастады. Ресейге Польша қысым көрсетсе, Қазақ хандығына Бұхар әскері басып кірді. Есіңізде ме, осыдан 17 жылдай бұрын Тәуекел ханның немере інісі Ораз-Мұхамед орыстарға тұтқынға түсіп, Мәскеуге жөнелтілген еді ғой. Міне, сол ханзадамыз жат елде таққа көтеріліп, Қасым қаласының ханы атанды. Есім хан қазақ жерінде «Жалған Әбдіғаппармен» күресіп жатса, немере інісі Ораз-Мұхамед Ресейде Жалған Дмитриймен арпалысты. Тағы да ұқсастық па?

Самарқаннан ауыр әскермен шыққан өзбектер Ташкентке беттейді. Бұл кезде Ташкентте қазақ сұлтаны Келді-Мұхамед билік етіп отырған-ды. Ташкент әміршісі қалың елді шақырып үлгермейді немесе қажет деп таппаса керек. Өзіне тиесілі қазақ, құрама, қырғыз бен қатағаннан әскер жинап соғысқа әзірленді. Екі жақтың әскері Айғыр-Жар деген жерде кездесіп, Бұхар әскері тым-тырақай қашты. Өкшелей қуған қазақ қосындары Самарқанға дейін төпелеп, үлкен олжамен Ташкентке қайтып оралады. Бұл жиырма жылға созылған қазақ-бұхар соғысының тек бастамасы болатын.

«Мені құм басады, су шаяды деп қорықпа. Егер сен расымен жақұт болсаң, түбі жарқырайсың»

Шығыс даналығы

Арада бірнеше жыл өтпей жатып қарапайым халық шынайы жақұтты көріп, ал «жалған патшалардың» беті ашыла бастады. Есім хан Жалған Әбдіғаппардың далалық қосына басып кіріп, қылышпен шауып өлтірді. Арада бір жыл өтпей жатып  өзін IV Иванның кіші ұлымын деп таныстырған Жалған Дмитрий де ажал құшты. Ресейде кейіннен бірнеше Жалған Дмитрийлер болғанымен олар ресми таққа отырмады. Қазақ ордасына қайтадан Орда-Ежен, ал Ресейде Романовтар әулеті билік басына келді. Осы оқиғадан кейін Арал мен Сырды мекендеген қарақалпақтар Есім ханға толық тәуелділікке түсті. Бұл біз келтірген бір ғана оқиға.

Ойлап қарасаңыз, мектеп оқулықтары «ССРО» мен «большевикке» толып тұр. Оған апарып, бітпейтін «пленум-сезъді» жабыстыра бергенше, аш баладай жәутеңдеген хандық кезеңнің кеміс-құтығын түгендейтін кез келген сияқты.

Бұл біздің, қазақтың тарихы. Бұл үшін ешқандай мемлекет бас қатырмайды. Әлде сол баяғыша әркімге бір телмеңдеп, «шетелдік ғалымдар не дейді екен» деп солардың аузын бағып жүрміз бе?

Рысбек Рамазанұлы

«ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫ ЖАЗУШЫЛАРЫ ОДАҒЫНЫҢ» мүшесі

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 4 ай бұрын

    17 жылдан бұрын дегенді түсінбедім

    1
    Оразаға дайындығың қалай?
    19/04 17:46 0 402
    2
    Үшемге жүкті болған келіншек егіз босанды
    19/04 17:33 0 203
    3
    Атырауда мамандандырылған ХҚКО шамамен 7 мың жүргізуші куәлігін берді
    19/04 17:17 0 157
    Бәзілбаев бесінші рет президент сайлауына түспек
    19/04 16:17 1 370
    Алтын қордағы үздік ертегілер мен жырлар арнайы жинақ болып шықты
    19/04 14:28 0 236

    Таныстырылғандар

    Соғыс кезінде 2 миллион неміс әйелі зорланғаны рас па?
    Соғыс кезінде 2 миллион неміс әйелі зорланғаны рас па?
    Соғыс кезінде 2 миллион неміс әйелі зорланғаны рас па?
    Ұлы Отан соғысы кезінде кеңестік әскерлерді Сталин не үшін ату жазасына кеспек болғанын білгіңіз келсе, оқыңыз!
    11/04/2019 00:48 0 8812
    Қазақстан әскери мүлкін Тәжікстанға беруді жоспарлап отыр
    Қазақстан әскери мүлкін Тәжікстанға беруді жоспарлап отыр
    Қазақстан әскери мүлкін Тәжікстанға беруді жоспарлап отыр
    Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасындағы жағдай күннен-күнге нашарлап барады
    11/04/2019 12:03 0 2167
    "Өлі даланың көшпенділері". Досым Сәтпаевтың жеке қоры ашаршылық туралы фильм түсірді (видео)
    "Өлі даланың көшпенділері". Досым Сәтпаевтың жеке қоры ашаршылық туралы фильм түсірді (видео)
    "Өлі даланың көшпенділері". Досым Сәтпаевтың жеке қоры ашаршылық туралы фильм түсірді (видео)
    Аталмыш фильм "Өлі даланың көшпенділері" деп аталады.
    11/04/2019 14:03 0 718
    Бүгін қазақтан шыққан тұңғыш академик – Қаныш Сәтпаевтың туған күні
    Бүгін қазақтан шыққан тұңғыш академик – Қаныш Сәтпаевтың туған күні
    Бүгін қазақтан шыққан тұңғыш академик – Қаныш Сәтпаевтың туған күні
    «Кеңес Одағында Қаныш Сәтбаев сынды әлемдік тұлғаның туғандығы – ғажап құбылыс» деген.
    12/04/2019 10:21 0 551
    40 жастағы ер адамды жүк көлігі қағып өлтірді (видео)
    40 жастағы ер адамды жүк көлігі қағып өлтірді (видео)
    40 жастағы ер адамды жүк көлігі қағып өлтірді (видео)
    Mercedes-Benz Sprinter 40 жастағы ер адамды қағып кетті
    15/04/2019 09:23 0 1388
    Ең бірінші қандай гүлдің атауын көрдіңіз? Өз мінезіңізді анықтаңыз
    Ең бірінші қандай гүлдің атауын көрдіңіз? Өз мінезіңізді анықтаңыз
    Ең бірінші қандай гүлдің атауын көрдіңіз? Өз мінезіңізді анықтаңыз
    Эмоционалды психологияға сәйкес, адам ең бірінші қандай гүлдің атауын көрсе, соған қарап оның мінезін анықтауға болады екен
    15/04/2019 10:29 0 6330
    Маусымнан бастап 1 миллион қазақстандықтың жалақысы өседі
    Маусымнан бастап 1 миллион қазақстандықтың жалақысы өседі
    Маусымнан бастап 1 миллион қазақстандықтың жалақысы өседі
    Президент биыл 1 маусымнан бастап бір миллионнан астам қазақстандықтың жалақысы өсетінін хабарлады.
    16/04/2019 09:05 0 467
    "Президент айтты екен деп Ұлттық банк базалық сыйақыны түсіре салмайды"
    "Президент айтты екен деп Ұлттық банк базалық сыйақыны түсіре салмайды"
    "Президент айтты екен деп Ұлттық банк базалық сыйақыны түсіре салмайды"
    Ұлттық банкке Тоқаевтың «базалық мөлшерлемені түсір» деген тапсырмасын орындау қиынға түсетін сыңайлы
    16/04/2019 09:19 0 1516
    Бұл Америка емес, Шарын шатқалы: ВВС арнасы Жетісу туралы ролик түсірді (видео)
    Бұл Америка емес, Шарын шатқалы: ВВС арнасы Жетісу туралы ролик түсірді (видео)
    Бұл Америка емес, Шарын шатқалы: ВВС арнасы Жетісу туралы ролик түсірді (видео)
    Кез-келген адам арнайы мобильді қосымша және сайт арқылы Алматы облысына виртуалды түрде саяхат жасай алады.
    16/04/2019 11:12 0 1389
    XI пән олимпиадасы өтуде
    XI пән олимпиадасы өтуде
    XI пән олимпиадасы өтуде
    С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша ХI пәндік олимпиаданың ашылу салтанаты өтті.
    16/04/2019 11:19 0 140
    Тексеріс аяқталды: қару мен ақша табылған көлік әкімнің ұлына тиесілі
    Тексеріс аяқталды: қару мен ақша табылған көлік әкімнің ұлына тиесілі
    Тексеріс аяқталды: қару мен ақша табылған көлік әкімнің ұлына тиесілі
    Жүксалғышынан бума-бума ақша мен оқ дәрі, травмат табылған.
    16/04/2019 16:35 1 1274
    Ғалымдар адамның бет жүзіне қатысты жаңа деректер айтты
    Ғалымдар адамның бет жүзіне қатысты жаңа деректер айтты
    Ғалымдар адамның бет жүзіне қатысты жаңа деректер айтты
    Бүгінде адамдар 20-дан астам әртүрлі эмоциялар санаттарын білдіру мүмкіндігіне ие болса, бұрынғы адамдар мұндай эмоциялардан мақұрым болған екен.
    16/04/2019 17:41 0 603
    Бейімбеттің сөзі, Ахаңның көзіндей аңқылдаған азамат еді...
    Бейімбеттің сөзі, Ахаңның көзіндей аңқылдаған азамат еді...
    Бейімбеттің сөзі, Ахаңның көзіндей аңқылдаған азамат еді...
    Ұлттың ұлы ұмытылмайды.
    17/04/2019 09:38 0 249
    Кешегі бай қазақтың ұрпағы бүгін неге кедей? Қаржыгер жауап береді
    Кешегі бай қазақтың ұрпағы бүгін неге кедей? Қаржыгер жауап береді
    Кешегі бай қазақтың ұрпағы бүгін неге кедей? Қаржыгер жауап береді
    Адамдар инвестицияны Қытайдан күтеді. Неге?
    19/04/2019 11:06 0 626
    Үшемге жүкті болған келіншек егіз босанды
    Үшемге жүкті болған келіншек егіз босанды
    Үшемге жүкті болған келіншек егіз босанды
    2018 жылдың қыркүйегінде жүктіліктің екі айлық кезінде Гүлзина Джалал-Абадта УДЗ-ге түседі. Зерттеу оның жатырында үш эмбрион барын көрсеткен.
    19/04/2019 17:33 0 203