• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 09:52:27
Алматы
+35°

Facebook қолданушысы Қуандық Шамахайұлы досының куә болған оқиғасын жазды. Онда әкесінің жерлеуіне барлық елді бастығына бола күттіртіп қойғанын жазады. 

"Кеше бір досым жағасын ұстап келді. Бір әріптесінің әкесі қайтыс болып, жерлеуіне қатысыпты. Қабіршілер оралған соң дәмханадағы жұртты сағаттап ұзақ күттіріп қойды дейді. Себебін сұраса, әлгі әкесі қайтыс болған жігіттің бастығы келуі керек екен. Бастығының қолы босамаған ба, әкесі өлген жігіт әлсін-әлсін телефон соғып: «Пәлен Пәштуанович, жұрт сізді ғана күтіп отыр. Әлі бастаған жоқпыз» деп жалынып-жалпайғаны анық естіліп тұрса керек. 
 Ұзақ күтуден шаршаған молданың да төзімі таусылып: «Өлім-жітімде де бастыққа жағуды ойлау деген не сұмдық» дегенді айтып қалыпты. Сонымен ұзақ күттірген бастық зорға келіп, әрең дегенде құран оқылып, жиналған қауым қол жайып, дәм татыпты. Әкесі өлген жігіттің екі сөзінің бірі «Пәлен Пәштуанович, сізге көп рақмет, мың алғыс» деумен болыпты. Қайғысын бөліскен, науқанға атсалысқан былайғы жұртты тіпті ұмытып кеткен көрінеді. 
Әй, қу жағымпаздық-ай десеңші! Әкесі өлмесе, бастығының нұрлы дидарын көре алмай қор болатындай басына не туды екен? Мұндай арсыз жарамсаққа не дауа" дейді Қуандық Шамахайұлы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір