• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 20:22:42
Алматы
+35°

03 Наурыз, 2017 Фото-баян

Жабайы аңдарды өлімнен құтқарған...

Бұл мейірімді, жанашыр, мақтауға тұрарлық ер азаматтың есімі Патрик Килонзо Мвалуа. Ол жыл бойы жабайы аңдарды өлімнен құтқарып келген.

Бұл мейірімді, жанашыр, мақтауға тұрарлық ер азаматтың есімі Патрик Килонзо Мвалуа. Ол жыл бойы жабайы аңдарды өлімнен құтқарып келген.

Кенияда бір жыл бойына жаңбыр жаумағандықтан, қала саябақтарын шөл басты. Кениялық тұрғын бұл жағдайды ескеріп, шара қолдануға кірісті.

Алдымен, Патрик әр ауданның саябағына су тасу үшін жүк көлігін жалға алды.

Әр күнін жүк көлігімен қаланың әр саябағын аралап, жабайы аңдарға су тасумен өткізіп жүрді.

Пілдер, енеке, бөкендер, ала құландар, саябақтың бар жабайы аңдары Патрикке бауыр басып қалған.

Тіпті, аңдар өз құтқарушыларының жолын тосып жүреді екен. Автокөліктің дауысын естісе, елең ете қалатын көрінеді.

 Тағы бір жүк көлігі керек болғандықтан, Патрик халықтан көмек сұрады. Бұл өтінішіне адамдар көмектесуге дайын болды. Мәселен, АҚШ-тық үш әйел әлеуметтік желі арқылы 18 мың доллар жинап берген. Бұл ақша қосымша жүк көліктеріне жұмсалатын болады. Мейірімді жандардың жануарлар өміріне бейжай қарамауы Патрикті қуантты.

Бұдан бөлек, Патрик басқа да іс-шаралармен айналысады екен. «Цаво мейірімділері» жобасының жетекшісі ретінде, мектептерді аралап, оқушыларды мейірімділікпен айналысуға шақырады.

Дереккөз: Лемуров.net

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір