• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:20:39
Алматы
+35°

01 Қаңтар, 2019 NEWS

Зейнетақы арман болып кетпесін: Әйелдердің зейнет жасы ұлғайтылды

Әйел адамдардың зейнет жасы, зейнетақымен қамтамасыз ету заңына сәйкес, алты айға ұлғайтылып келеді.

Қазақстандық әйелдердің зейнет жасы тағы да ұлғайтылды. Ол 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 59 жас болды.

Қазіргі таңда ер адамдар 63 жаста зейнетке шығатын болса, әйел адамдардың зейнет жасы, зейнетақымен қамтамасыз ету заңына сәйкес, алты айға ұлғайтылып келеді.

Осыдан бір жыл бұрын, яғни 2018 жылдың 1 қаңтарында әйел адамдардың зейнет жасы 58,5-ті құраған болатын. Ал 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол 59 жас болды. 2020 жылы 59,5-ке ұлғаятын болса, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдер зейнетке 60 жасында шығатын болады. Осы үрдіспен, әйел адамдардың зейнет жасын 2027 жылға дейін 63 жасқа ұлғайту көзделген.

Сонымен қатар, қазақстандықтар жеткілікті соманы жинаған жағдайда 50 жасында зейнетке шығуға құқылы. 2018 жылы бұл соманың көлемі 13,5 миллионды құрады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір