• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:13:44
Алматы
+35°

16 Мамыр, 2019 Саясат

Зеленскийдің ұлықтау рәсімі қашан болады?

Украинаның жаңадан сайланған президенті Владимир Зеленскийдің ұлықтау рәсімі 20-мамыр күні сағат 10:00-де парламент залында басталады

Украинаның жаңадан сайланған президенті Владимир Зеленскийдің ұлықтау рәсімі 20-мамыр күні сағат 10:00-де парламент залында басталады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Интерфакс" сайтына сілтеме жасап.

Инаугурацияға тиісті жобаны(10270-2) 315 депутат қолдады.

Жоғары Рада регламенті бойынша, парламент ұлықтау күнін сайланған президентпен келісіп бекіту керек. Ал Зеленский рәсімді 19-мамырда өткізуін сұраған болатын. Бірақ депутаттардың айтуынша, 19-мамыр – саяси жазалау құрбандарын еске алу күні болғандықтан ұлықтау күнін ауыстыруға мәжбүр болды.

Естеріңізге сала кетейік, президент сайлауының 2-тур нәтижесінде  73,22% дауыс жинаған Владимир Зеленский Украинаның жаңа мемлекет басшысы болып сайланды.

Аударған: Ильдар Адильченов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір