• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:33:45
Алматы
+35°

21 Мамыр, 2019 Саясат

"Зеленский Тоқаевтан үлгі алды" деген видео тарады

Барлығы Украинадағыдай болғанын қалайды, бірақ Украина Қазақстандағыдай жасап жатыр

"Ешқандай кабинетте менің суретім ілінбеуі керек. Президент – табынатын икона емес, президент портрет емес!", - деген болатын Зеленский кешегі ұлықтау рәсімінде. Осыған орай желіде "Зеленский Тоқаевтан үлгі алды" деген видео тарап жатыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Естеріңізде болса, Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына барған жұмыс сапарында қала көшелеріне ілінген суреттерін көріп, "менің суреттерімді ұрандатып ілудің қажеті жоқ" деген болатын. Осыны негізге алған желі қолданушылары "оны Зеленскийден бұрын Тоқаев айтқан" деп жазып жатыр.

"Барлығы Украинадағыдай болғанын қалайды, бірақ Украина Қазақстандағыдай жасап жатыр. Зеленский Тоқаевтан үлгі алып, портреттерден бас тартты", - делінген видеода. 

Дайындаған: Маржан Сәбет

Marzhan Sabet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір