• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:47:25
Алматы
+35°

29 Сәуір, 2019 NEWS

Қазақстандық журналистердің бірі Украинаның жаңадан сайланған президентімен сұхбаттасып, Владимирден біздің ел туралы пікірін сұрады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Topsmi.me сайтына сілтеме жасап.

- Владимир, қазақстандық журналистерге бірер сұрақ қоюға рұқсат етіңіз. Сіз Қазақстанда болғансыз ба?

- Сәлем, Қазақстан! Ешқашан сіздердің елдеріңізде болмаппын, бірақ 90-жылдары Мәскеуде КВН Жоғары лигасында ойнап жүргенде қазақстандық азаматтармен жұмыс жасадым.

- Егер сізде мүмкіндік болса, Қазақстанның қай қаласына барар едіңіз?

- Шынымды айтсам, мен Алматыға барғым келеді. Мені Алматыға шақырып, ол жердің сұлулығын көрсеткісі келген жігіттер болды. Сіздерде барлығы дамып жатыр. Естимін, ара-тұра оқып тұрамын.

 Қазақстандықтардың өмірі туралы пікіріңіз қандай?

- Бірдеңе деу қиынға соғады. Мен жігіттерден қалай өмір сүретіндерін сұрап отырамын. Олар өздерінің елін сүйеді және оларға барлығы ұнайды. Соған қарағанда, бәрі қанағаттандырады деп ойлаймын. Егер көңілдерінен шықпаса, сайлау өткізуші еді. Өйткені, ондай мүмкіндік бар ғой.

Дұрысы, білмейтін адамға басқа елдің саясатын сынау қате деп санаймын.

- Украина мен Қазақстанның арақатынасы қалай болмақ?

Ешкім жаға жыртыспайды! (күліп). ТМД елдерін бір-бірімен байланыстырып тұратын дүниелер көп екенін түсінемін. Біріншіден, бізге мұра болып қалған мәдени құндылықтар ортақ. Екіншіден, біздің қазақтармен ортақ тақырыптарымыз да, ұқсастықтарымыз да көп.

Аударған: Әділет Мәдениет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір