• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:11:14
Алматы
+35°

22 Ақпан, 2019 Сұхбат

Зарина Хантөре: "Қыздарды келін болуға даярлайтын институт ашу керек"

Қыз бала Жоғарғы оқу орнында оқып кәсіби білім алып жатады. Ал оларға келін болудың қыр-сырын ешкім үйретпейді

Қазіргі таңда көптеген қыз-келіншектерге кеңес беріп жүрген танымал психолог, медитатор Зарина Хантөре оқырманның көкейінде жүрген бірнеше сауалдарға жауап беру үшін Qamshy.kz ақпарат агенттігі тілішісімен сұхбаттасты. Сол сұхбатты толығымен оқырман назарына ұсынамыз.

–Психология әлеміне қалай келдіңіз?

–Менің психология әлеміне келгеніме биыл – он бірінші жыл. Психолог маман ретінде төртінші жыл жұмыс істеп жатырмын. Былайша айтқанда, психология әлеміне адасып келдім. Өзімді біраз уақыт бойы таппай қиналып жүрдім. Негізі адам баласы ақылдан,тәннен, жаннан тұрады ғой. Үнемі менің жанымның ішінде бір қуыс орын тұратындай болды. Оны ештеңе қанағаттандыра алмады. Кішкентайымнан анамнан айырылдым. Әкенің тәрбиесінде болдым. Осылай көп уақыт ізденісте жүрдім.Сөйтіп жүріп  ауруға ұшырадым. Денемде рак клеткалары оянды. Ауырып жүріп күйзеліске түстім. Күйзелісте жүріп ұйқысыздыққа шалындым. Осы кезде "психологқа баруым керек" деп шештім. Людмила Афанасьева деген психологпен кездесіп, біраз сабақ алдым. Сол кезде түсінгенім –менің күйзелісім жанымды түсінбегендіктен екен. Осылай жантану іліміне келіп, жаным тыныштық тапты.

–Сіздің алдыңызға қыз-келіншектер көбіне қандай мәселемен келіп жатады?

–Менің алдыма көбіне күйеуімен қарым-қатынасын түзегісі келетіндер, енесімен отбасы арақатынасын жақсартқысы келгендер, қарызға батып кеткен кісілер көп келеді. Барлығына шамам келіп, білімім жеткенше, психологиялық көмек беруге тырысамын.

–Дін мен психология егіз ұғым ба?

–Мен әуелі психология саласы арқылы  дінге келдім. Өзімнің бір жаратушы құдайымның бар екенін сол кезде ұғындым. Психологияның артын қазсаңыз – дін.

–Қазіргі таңда көптеген психологтар өз сабақтарында батыстың психологиясын ұсынып жатады. Бұған көзқарасыңыз қандай?

–Мен біреу үшін жауап бере алмаймын. Әркімнің ішінде не бар, өзі қандай сенімде, тек сол туралы айтады. Мысалы: қызыл жіп тағып жүру тіл-көзден қорғайды деу, ол қате пікір. Бізді тек қорғайтын – бір Алла ғана.

–Марафоныңызда бағалы сыйлықтар ұсынып жатасыз, не себепті?

–Басында марафонды бастанда жолдасым тегін өткіз деген болатын. Бірақ, тегін келген дүниенің еш қадірі болмайды. Марафоннан жиналған ақшаны  әрдайым ұтысқа қоямын. Үйде отырған қыз-келіншектерге мотивация болсын деймін. "Мысалы, ол қыз 100 мың теңге ұтып алсам, көйлек аламын немесе анама сыйлық аламын" деген арманын іске асырсын деймін. Аллаға шүкір, мені Алла тағала бай, қуатты етті. Бұл жерде бағалы сыйлықтарды қыз-келіншектерге сыйлық ретінде таратамын.

–Елімізде қыз балаларды келіндікке дайындайтын институт ашу ойыңызда бар ма?

–Ия, ашу керек деп ойлаймын. Қыз бала жоғарғы оқу орнында оқып, кәсіби білім алып жатады. Ал оларға келін болудың қыр-сырын ешкім үйретпейді. Болашақта әрбір бойжеткенді өмірінің белестерінің бірі келіндікке даярлау іс өте керек деп ойлаймын.

–Енелерге арнап семинар өткізу ойыңызда бар ма?

–Өзім жақында ене болдым. Алдағы уақытта енелерге арнап үлкен семинар өткізсем деймін. Ол жерде келінмен қарым-қатынаста қалай болу керек, отбасы құндылығын сақтау дегеніміз не? Міне, осы нәрселерге кеңінен тоқталатын боламын.

                                                                                             Сұхбаттасқан: Әсем Мерекеқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір