• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:19:41
Алматы
+35°

19 Ақпан, 2018 Спорт

Зарина Диас украиналық Лесе Цуренкодан жеңіліп қалды

Қазақстандық тенисші Зарина Диас Дубайда өтіп жатқан Premier санатындағы іріктеу турнирінің финалында Лесе Цуренкоға екі сетте де есе жіберіп алды.

Қазақстандық тенисші Зарина Диас Дубайда өтіп жатқан Premier санатындағы іріктеу турнирінің финалында Лесе Цуренкоға екі сетте де есе жіберіп алды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Украиналық қарсыласына Диас ешқандай қайрат көрсете алмады. Кездесу Цуренконың пайдасына 2:0 (6:1, 6:2) есебімен аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, жерлесіміз бұған дейін Цуренкомен екі рет ойнаса да жеңіліп көрмеген болатын. Екеуінің арасындағы жеке кездесулердің есебі 2:1, Зарина Диаста екі жеңіс.

Дубайдағы турнир 25 ақпанға дейін жалғасады. Жарыстың жүлде қоры 733,900 АҚШ доллары.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір