• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 02:40:21
Алматы
+35°

17 Ақпан, 2017 Әлеумет

Заңды түрде сатып алған ғимаратын тартып алған кәсіпкердің жан айқайы (ВИДЕО)

Нұрбосын Асанбердиев есімді азамат Facebook парақшасына өзінің және «7 континент» бизнес орталығындағы кеңсені сатып алғандардың мәселесімен...

Нұрбосын Асанбердиев есімді азамат Facebook парақшасына өзінің және «7 континент» бизнес орталығындағы кеңсені сатып алғандардың мәселесімен бөлісті.

32 жастағы Нұрбосын Асанбердиев 2015 жылдан бастап кәсіпкерлікпен айналыса бастаған. Ол фитнес-клуб ашу үшін «7 континент» бизнес орталығынан ғимарат сатып алады. 4 ай жөндеу жұмыстарын жүргізіп, фитнес-клубқа қажетті құралдарды сатып алғанын жазады.

Қазіргі таңда фитнес-клубта 20 адам жұмыс істейді және 1000-нан аса адам тұрақты келіп, жаттығып тұрады екен.

«7 континент» бизнес орталығының құрылысы 2006 жылы басталған. 2008 жылы құрылыс нысанының меншік иесі «Shyryn Ltd» компаниясы болды. Сол жылы, яғни 2008 жылы Нұрбанк «Shyryn Ltd» компаниясына қарызға ақша берген. Ал 2011 жылы болашақта болатын кепілдемені қою туралы келісім шартқа қол қойған. Нұрбосын Асанбердиев аталмыш келісім шарттың тек 3 жылдан кейін ғана жасалғанына таң қалатынын айтады. Белгілі болғандай жылжымайтын мүлікке (ғимарат пайдалануға берілгеннен кейін) кепілдемеге қатысты келісім шарт мүлде жасалмаған болып шықты. 2013 жылы «7континент» бизнес орталығы "Shyryn Ltd" компаниясына қолдануға берілді. Аталмыш компания ғимараттарын сата бастады.

Бастапқы кезде жылжымайтын мүлікке кепілдеме қоймағаны және банктің мұндай ірі қарыз алған компанияны қалай бақыламағаны түсініксіз. Енді қазір сот болып «Shyryn Ltd» компаниясына тиесілі «7 континент» ғимаратына арест қойылды.

2015 жылдың 15 қарашасында сот «Shyryn Ltd» компаниясына тиесілі барлық жылжымайтын мүлікті алу туралы шешім қабылдаған.  Оның ішінде Нұрбосын Асанбердиевтің де сатып алған ғимараты бар. Оның мұндай мәселелері бар екенін кәсіпкер білмегенін және 2016 жылдың наурыз айында мүлігіне арест қойылғанын жазды.

Нұрбосын Асанбердиев, банк компанияға кепілдемесіз қарыз беріп, одан кейін ғимарат салынып, пайдалануға беріліп және ондағы тұрғын үйлер мен коммерциялық жылжымайтын мүліктерді сатып, одан кейін Банк компанияны сотқа беріп, заңды иелердің пәтерлерін және коммерциялық жылжымайтын мүліктерін тартып алуға сот шешім шығаратынына налитынын жеткізді.

«Жылжымайтын мүлікті сатып,олардан ақша алып, одан кейін қайта сол мүліктерін тартып алады. Бұл қалай болды?» дейді Нұрбосын Асанбердиев.

Кәсіпкер ғаламтор, теледидар, газет пен радиодан орта және кіші кәсіпкерлікті дамыту үшін түрлі бағдарламалар қабылданып, қыруар қаржы бөлініп жатқанын жиі естіп, оқитынын, алайда шынайы өмірде келеңсіз мәселелермен бетпе-бет келетінін айтады.

«Айтыңдаршы мен сонда басқа Қазақстанда тұрып жатырмын ба?» дейді Нұрбосын Асанбердиев.  

Ол  бұған дейін басындағы мәселені айтып видео жазып, жариялаған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір