• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:13:46
Алматы
+35°

06 Қаңтар, 2017 NEWS

Израильдік вакцина әлемді қатерлі ісік ауруынан құтқарады

Израилдік вакцина қатерлі ісікті емдеуге арналған жаңа әрі сенімді препарат, деп хабарлайды 

Израилдік вакцина қатерлі ісікті емдеуге арналған жаңа әрі сенімді препарат, деп хабарлайды newsgood.com, ақпараттың қазақша нұсқасын "Қамшы" порталы оқырман назарына ұсынады.

Қазіргі таңда вакцина Иерусалимедгі «Хадасса» израильдік ауруханасында сынақтан өткізіліп жатыр. 2017 жылан бастап вакцина тек онкологиялық ауруларға ғана емес қатерлі ісік ауруына да қарсы қолданылуға берілмек.

Вакцина қандағы рак ауруларын, нақтырақ айтқанда, миеломаның көпетеген түрлерін емдеуге арналған. Егер препарат күткен нәтижені ақтаса, қатерлі ісіктің 90% түріне қарсы қолдануға болады.

Қатерлі ісік ауруына шалдыққан жағдайда ағза өзінің мүлдем дұрыс жұмыс істемей жатқанын түсінеді,  алайда иммундық жүйе ісіктен қалай қорғану керектігін білмейді. Әдетегідей инфекция немесе вирустан қорғанған секілді жұмыс атқара алмайды. Себебі, рактың жасушалары адам ағзасының өзіндік жасушалары болып табылады.

Вакцинаның негізгі қызметі – төнген қатерге байланысты иммундық жүйенің жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі. Әдеттегі вакциналар иммундық жүйені қорғау мақсатында сырттан келген вирустар мен бакетреияларға қарсы қолданылады. Терапевтикалық вакциналар ауру адамдарға егіліп, дәрі-дәрмек секілді әсер етеді.

Жаңадан шығарылған вакцина қатерлі ісік жасушаларында ғана кездесетін MUC1 атты молекулалардың көзін жойып, иммундық жүйені қорғау мақсатында қолданылады. Қатерлі ісік ауруларының ең көп таралған түрлерінің 90%-ы, сонымен қатар лимфома, лейкемия және миелома сынды аурулардың барлығында MUC1 молекуласы бар.

Қатерлі ісік ауруына шалдыққан адам әдеттегідей химиятерапиядан өтіп немесе ота жасатуды қажет етеді, ал егер ісіктің көлемі кішірейсе, ағза онымен күресе алады. Бұл жағдайда аталмыш вакцина ауру қайталанбас үшін қосымша күш ретінде жүреді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір