• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 08:49:28
Алматы
+35°

02 Қыркүйек, 2018 NEWS

Юпитер ғаламашарынан су табылды

Америкалық ғалымдар Бпитер ғаламшарындағы Үлкен Қызыл атмосфералық құйындыда су бар екенін анықтады

Америкалық ғалымдар Юпитер ғаламшарындағы Үлкен Қызыл атмосфералық құйындыда су бар екенін анықтады. Бұл жайында Lenta.ru порталы шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.

 Зерттеушілер жердегі құралдармен, соның ішінде NASA IRTF инфрақызыл телескопымен және Кеск 2 телескопымен Қызыл нүктеге жүргізілген зерттеу нәтижелерін талдады. Белгілі болғандай, атмосфералық құйындының құрылымы үш бұлт қабатынан тұрады екен: оның ең терең қабаты 160 шақырым тереңдікте орналасқан және 5-7 атмосфералық қысымға ие. Ғалымдардың айтуынша, бұл қабатты мұздатылған су криссталдарынан тұрады деуге толық негіз бар. 

Егер 2016 жылдан бастап газды атмосфераны зерттеп келе жатқан планетааралық Juno автоматты станциясы бұл болжамдарды растаса, планетаның басқа атмосфералы жерлерінен де су іздей беруге болады. Сонымен қатар, Сатурн, Уран және Нептун ғаламшарларынан да іздеуге болады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір