Юань долларды халықаралық нарықтан құлатуы әбден мүмкін

Юань долларды халықаралық нарықтан құлатуы әбден мүмкін
Ⓒqamshy.kz

Астанада өткен стратегиялық бастамалар форумында белгілі экономист-сарапшы  Олжас Құдайбергенов Қазақстан экономикасына қатысты бірқатар болжамдарды алға тартты. Соның бірі – болашақта халықаралық валюта ретінде юаньнің беделінің өсе бастайтыны сөз болды. Бұл ретте сарапшы маман «алдағы уақытта Қазақстан ғана емес, Орта Азия елдері сауда-саттық жасағанда юаньмен есеп айырысатын болады. Қытайдың мақсаты – төл ақшасын әлемдік валюта деңгейіне жеткізу. Бір жарым жылда әлемдік валюта резервіндегі юаньнің үлесі 1,87 пайызға өсті. Егер бұл қарқын сақталатын болса, Қытайдың валютасы алдағы екі жылда әлемдегі тегеурінді валютаға айналады» деді.

Жалпы, юаньның  беделі жайлы айтыла басталғалы біраз уақыт болды. «Ендігі бес жылда юань долларды ығыстырады» дейтін сарапшылар да бар.  «Барометр» талдау орталығының қаржыгері Арман Мусиннің айтуынша, юань қазірдің өзінде әлемдік валюта резервінде үшінші орында тұр. Бұған қатысты маман «болашақта Орта Азия елдері бойынша экспорт, импорт қарым-қатынасында  юаньмен төлем жасау жетілетін болса, доллардың әлем алдындағы беделі төмендеуі әбден мүмкін» дейді.

«2014 жылдан бастап көрші Ресей елі доллардан арылуға қатысты қадамдар жасап келеді. Сол тәрізді Испания, Италия, Грекия елдері де халықаралық төлем жасау барысында доллардан гөрі евро мен юаньді пайдалана бастағанына біраз болды. Макроэкономикалық көрсеткіштерді өсіру үшін келешекте бірқатар елдер доллардан бас тартуы ғажап емес. Бірақ АҚШ-тың бұған көнгісі жоқ. Халықаралық сарапшылардың өзі қазір қайта-қайта айналып соға беретін дағдарыстан құтылу үшін доллардан арылу керектігін баса айтып отыр.  Қазірде халықаралық есеп айырысуға юаньді енгізу жайы жиі айтылады. Юань қазір халықаралық резервтегі валюта ретінде үшінші орында тұр. Алдағы бес және сегіз жылда юаньнің беделіне қатысты жақсы болжамдар айтылып жүр. Сондықтан осы жылдар аралығында юань долларды ығыстыруы әбден мүмкін»,-деді қаржыгер Арман Мусин.

Қаржыгер айтып отырған деректерді сараласақ, расымен де юань халықаралық валюта резервінде доллар мен евродан кейінгі үшінші орынға шыққан. Біз бұл деректерді арнайы сызбаға салып көрсетуді жөн көрдік. Сызбада көрсетілгендей, халықаралық валюта резервінде доллардың көлемі 41,73 пайыз болса, евроның көлемі 30,93 пайыз. Ал юаньнің көлемі 10,92 пайыз.

юань

 

Ендеше әлемдік валюта резервінде 10,32 пайыздық көлемі бар юань ендігі бес жылдан кейін қалайша долларды басып оза алады?! Бұл ретте экономика ғылымының докторы,  профессор Жұмаділда Баяхметов әлемдік экономикада болып жатқан құбылыстардың өзі едел-жедел юанның беделін арттыра түсетінін айтып отыр.

«Деректерге жүгінсек, 2016-2017 жылдары тек Қазақстанның теңгесі ғана  емес, көптеген елдердің ұлттық валюталары құнын жоғалтты. Әзірбайжанның манаты, Арменияның драмы, Беларустің рублі, Қырғыздың сомы, тізе берсек ұлттық валюталары құнсызданған елдердің саны арта түсті. Бұл елдер қазір экономиканы долларға байлаудың тиімсіздігін ұқты. Сондықтан олар үшін долларға тәуелділіктен арылу маңызды болып отыр. Қазір әлем үшін дағдарыстан құтылудың мәні жаңа халықаралық валюта құралын ойлап табу болып отыр. Доллармен төлем жасау тек қана АҚШ үшін пайдалы болып отыр. Кейбір деректер доллармен берілген несие сыйақысының өзінен ғана Американың алты ай сайын 200 млрд доллар пайда көретінін растайды. Қазір әлем елдерінің валюталық қорының 40 пайызы доллармен сақталған. Долларға сұраныс көбейген сайын АҚШ-тың көретін пайдасы да арта бастайды. Халықаралық сауда мен халықаралық қаржы жүйесін құрап отырғандықтан АҚШ-қа әлемдік нарықта мұнай мен басқа ресуртарды сатып алуда көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Сондықтан бұл арада өзге елдердің ұлттық валютасы құлап жатқанымен Американың қылы қисаймайды. Осыны ұққандықтан 2014 жылдан бері көптеген елдер валюта қорларына юань жинай бастады. Қытаймен сауда қарым-қатынасында доллармен емес, юаньмен төлем жасау үрдісі артты. Егер болашақта осындай қарқын артса, юань долларды басып оза алады»,- деді экономист-ғалым Жұмаділда Баяхметов.

Маман айтып отырған Қазақстанның теңгесінен бөлек, басқа да елдердің ұлттық валютасының құнсызданған көрсеткішін біз арнайы сызбамен көрсеттік. Деректер расымен де 2016-2017 жылдар аралығында біршама елдердің төл валютасы құнын жоғалтқанын айқындайды.

юань

Жалпы, мамандар әлемдік экономиканы болашақта үлкен өзгерістер күтіп отырғанын жоққа шығармады. Экономист-ғалым Жұмаділда Баяхметовтың байыптауынша, долларды ығыстырып, юаньға орын беру біздің теңгені де тегеурінді етпек. Сондықтан болашақта біз теңге-юань жұбына көбірек көңіл бөле бастаймыз.

«Келешекте экономикада үлкен өзгерістер болады. Қытай қазір Оңтүстік Шығыс Азия қауымдастығына мүше елдермен юаньмен сауда-саттық жасауды тереңдетіп жатыр. Тіпті қор биржасында юаньмен есеп айырысу қолға алына бастады. Болжам бойынша алдағы бес жылда юаньның толық конвертациясы қалыптасуы керек. Өйткені қазір юань-рубль жұбы да жақсы қалыптасып үлгерді. Ресей мен Қытай өзара сауда саттықта юаньмен және рубльмен төлем жасай бастады. Мұның өзі долларды ығыстыратын құбылыс. Теңге-юань жұбы да қалыптасып келеді. Қазақстан мен Қытай ұлттық валютада есеп айрысуды жолға қоя бастады. Сол тәрізді басқа да елдердің юаньға деген сұранысы артты. Сұраныс артқан сайын ол елдің валютасының құны да беки түседі. Қалай айтсақ та, әлемдік валютаны басып шығаратын АҚШ-тың айрықша құқыққа ие дәурені өтеді. Экономика заңына сәйкес долларды алмастыратын жаңа валюта келуі керек. Себебі жаһандық дағдарыстың әр үш жыл сайын қайта-қайта айналып соға беретінінен  әлем экономикасы шаршады. Ендігі бес жылда бұған қатысты халықаралық валюта қорының өзі нақты шешім қабылдайды. Сондықтан юань долларды халықаралық мінбеден ығыстыра алады деп айтуға толық негіз бар»,- деді ғалым Жұмаділда Баяхметов.

Қарлығаш Зарыққанқызы

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Астанадағы мектепке «бомба» қойылды
    14/11 19:36 0 361
    2
    Шетелде шәкірттеріне сексуалдық зәбір көрсеткен педагог Астанадағы элиталы мектепте сабақ берген
    14/11 15:55 0 415
    3
    Ақтөбе облысының мұғалімдері: «Айлықты қашан аламыз?»
    14/11 15:26 0 248
    «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыруды қолға алды
    14/11 15:22 0 1274
    "Ақ жол" партиясы: Мемлекеттік қызметкерде екі азаматтықтың болуы – су ішкен құдығына түкіруі
    14/11 15:04 0 832

    Таныстырылғандар

    Әділ сотымыз "әділ" болмауы керек
    Әділ сотымыз "әділ" болмауы керек
    Әділ сотымыз "әділ" болмауы керек
    «заң – құдды терте, тертені қайда бұрсаң, солай қарай жүреді»
    05/11/2018 10:23 0 1020
    Германияның  бір бөлке нанын 1500 теңгеге сатып алатындар отандық өнімнің сапасына сенбей ме?
    Германияның  бір бөлке нанын 1500 теңгеге сатып алатындар отандық өнімнің сапасына сенбей ме?
    Германияның  бір бөлке нанын 1500 теңгеге сатып алатындар отандық өнімнің сапасына сенбей ме?
    Мысалы, бізге неге Италияға пицца жасауға сапалы әрі өтімді дайындалған жайма шығармасқа?!
    05/11/2018 10:47 0 2258
    "Баспана Хит" расымен де хитке айналды: Қайрат Алтынбековтен 3 тезис
    "Баспана Хит" расымен де хитке айналды: Қайрат Алтынбековтен 3 тезис
    "Баспана Хит" расымен де хитке айналды: Қайрат Алтынбековтен 3 тезис
    Қазақстандықтарды барынша қызықтырған сұрақтарды бір шолып өтіп, ипотекалық ұйым басшысы Қайрат Алтынбеков бар ойын үш тезиске сыйғызды.
    05/11/2018 11:01 0 1858
    Голландияда қылмыскердің жоқтығынан түрмелер жабылып жатыр, Қазақстанда ше...
    Голландияда қылмыскердің жоқтығынан түрмелер жабылып жатыр, Қазақстанда ше...
    Голландияда қылмыскердің жоқтығынан түрмелер жабылып жатыр, Қазақстанда ше...
    2013 жылдан бері Голландияда түрмелер жабылып жатыр. Мұның себебі неде? Қазір елдегі  абақтылардың үштен бірі бос.
    05/11/2018 11:06 0 1763
    Бюджет қаржысына қымбат шетелдік көлік мінетін шенеуніктерді заңға тарту керек
    Бюджет қаржысына қымбат шетелдік көлік мінетін шенеуніктерді заңға тарту керек
    Бюджет қаржысына қымбат шетелдік көлік мінетін шенеуніктерді заңға тарту керек
    Бұдан соң мемлекеттік мекемелерге отандық көліктермен жүруді міндеттеу керек деген пікірлердің де жаны бар
    06/11/2018 10:35 0 1686
    Банкіңіз банкрот болмасын...
    Банкіңіз банкрот болмасын...
    Банкіңіз банкрот болмасын...
    Интернет сияқты ақпараттық аждаһаның өте дамыған заманында фейктер тарапынан болатын жалған ақпарат тараған жағдайда не істемек керек?
    06/11/2018 10:44 0 1275
    Назарбаев "жауапсыз монополистерді" жазалауды бұйырды
    Назарбаев "жауапсыз монополистерді" жазалауды бұйырды
    Назарбаев "жауапсыз монополистерді" жазалауды бұйырды
    Назарбаев шенеуніктерді таяуда халыққа жолдауының мәнісін анықтауды шақырып, жауапсыз монополистерді жауапқа тартуды бұйырды.
    08/11/2018 10:03 1 1248
    Ұялы байланыс қымбаттады ма немесе монополист кім болады?
    Ұялы байланыс қымбаттады ма немесе монополист кім болады?
    Ұялы байланыс қымбаттады ма немесе монополист кім болады?
    Қорыта айтқанда, ұялы байланыстың қымбаттауына дайын болыңыздар дегіміз келеді.
    08/11/2018 15:04 0 1229
    Kaspi Bank-тің тұтынушылар үшін маңызды жаңалығы бар
    Kaspi Bank-тің тұтынушылар үшін маңызды жаңалығы бар
    Kaspi Bank-тің тұтынушылар үшін маңызды жаңалығы бар
    Kaspi Business картасы іске қосылды.
    10/11/2018 11:03 1 14460
    Теміртаудағы "АрселорМиталл" АҚ металлургия комбинатында өрт болды (видео)
    Теміртаудағы "АрселорМиталл" АҚ металлургия комбинатында өрт болды (видео)
    Теміртаудағы "АрселорМиталл" АҚ металлургия комбинатында өрт болды (видео)
    Теміртауда "АрселорМиталл" АҚ металлургия комбинатында өрт болды
    11/11/2018 13:15 0 662
    Димаш Ресейді бағындырды (видео)
    Димаш Ресейді бағындырды (видео)
    Димаш Ресейді бағындырды (видео)
    Димаш Құдайберген Мәскеудегі Кремль сахнасында ән салып, «НТВ» арнасының «Орталық телевидение» бағдарламасында қонақта болды
    12/11/2018 01:19 0 1509
    Америкалық журналистер Назарбаевтан кейін кім президент болатынын болжады
    Америкалық журналистер Назарбаевтан кейін кім президент болатынын болжады
    Америкалық журналистер Назарбаевтан кейін кім президент болатынын болжады
    Биліктегі ауыс-түйіс шиеленіске, билікке деген қатігез күреске ұласады.
    12/11/2018 12:49 0 26860
    Өзгелер кедей-кепшігіне 1000$ төлесе, қазақтар 14 мың теңгені талғажау етуде
    Өзгелер кедей-кепшігіне 1000$ төлесе, қазақтар 14 мың теңгені талғажау етуде
    Өзгелер кедей-кепшігіне 1000$ төлесе, қазақтар 14 мың теңгені талғажау етуде
    Қазақстанның халқы қазірдің өзінде 30 пайызға кедейленді.
    13/11/2018 11:55 1 1474
    Жаңақорған ауданында өлген мал үшін иесіне өтемақы төленеді
    Жаңақорған ауданында өлген мал үшін иесіне өтемақы төленеді
    Жаңақорған ауданында өлген мал үшін иесіне өтемақы төленеді
    Мал иесі Ахмет Рахимовтың айтуынша, келген  - 116 бас қой.
    14/11/2018 10:05 0 245