• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:38:33
Алматы
+35°

08 Мамыр, 2019 Оқиғалар

Италияда қателікпен испан монархтарына диктатура гимнін қосқан

Испандық екі корольНеаполь қаласында Cotec Europa салтанатты кешінде Испанияда диктатура кезіндегі гимнді тыңдауға мәжбүр болды

Екі испан монархы – қазіргі король Филипп VI және оның әкесі король Хуан Карлос I Италиялық Неаполь қаласында Cotec Europa салтанатты кешіне қатысып, нәтижесінде Испанияда диктатура кезіндегі гимнды тыңдауға мәжбүр болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі EFE сайтына сілтеме жасап.

Италия, Испания және Португалия бас қосатын жыл сайынғы кездесуде италиялық президент Серджо Маттарелла мен португалиялық көшбасшы Марселу Ребелу ди Соза болған.

Кеш басында үш мемлекеттің гимні орындалды. Тек испандық гимн 1928 жылы Мигеля Примо де Риверы диктатурасының кезінде жазылған сөздермен айтылды.

Кейінірек, Италия президенті мен кеш ұйымдастырушылары испан корольдерінен кешірім сұрады.

Аударған: Ильдар Адильченов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір