• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 10:50:15
Алматы
+35°

05 Қазан, 2017 Оқиғалар

Италияда белгісіз ер адам Гитлердің суретіне қару ала жүгірген

Барлық сурет адам ойына кіріп шықпайтын ессіз тақырыптарды қамтиды

Италияның Сало қаласындағы ессіздер мұражайында белгісіз ер адам  Адольф Гитлер салған суретті бұрауышпен бүлдірмек болған.  Сонымен қатар «Оңбаған!» деп айғайға салған. Бұл жайында korrespondent.net хабарлайды. 

Күзетшілер белгісіз ер адамға суретті бүлдіруге жол бермей, алып ктекен. Дегенмен ер адам оқиға орнынан із суытып үлгерген.

Ал суреттің иесі - Германияның жеке коллекция жиюшысы. Ол  полицияға шағым жасамауға бел байлаған.

Гитлердің салған суреті мұражайда алғаш рет қойылған. Аталмыш мұражайда 200-ге тарта түрлі жұмыстар қойылған. Суреттердің барлығы дерлік бір кездері психологиялық ауытқуы бар адамдардың жұмыстары. Сонымен қатар, барлық сурет  адам ойына кіріп шықпайтын ессіз тақырыптарды қамтиды.

Айта кетсек, Адольф Гитлер 18 жасында Венадағы сурет мектебіне оқуға түскісі келген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір