• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 20:54:02
Алматы
+35°

06 Ақпан, 2019 Әлем

Исламның қас жауы мұсылмандықты қабылдады: "Ислам дінін иттің етінен жек көретінмін"

Ол мұсылмандықты қабылдамас бұрын "Ислам деген жалған дін, ал Құран кәрім - у", деп мәлімдеме жасаған болатын.

Исламның хас жауы мұсылмандықты қабылдады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі azan.ru сайтының дерегін негізге алып. 

Голландиялық саясаткер Йорам ван Клаверен мұсылмандықты қабылдамас бұрын "Ислам деген жалған дін, ал Құран кәрім — у", деп мәлімдеме жасаған болатын. 

Йорам ван Клаверен антиисламдық көзқарасты ұстанатын Герт Вилдерс басқарған "Құқық бостандығы" партиясының мүшесі болған. Бірақ қазір саясаткер қате көзқарасты ұстанғанын, өзінің қателігін түсінгенін айтты. 

Ислам дініне қарсы кітап жазып жатқан кезде оның дінге қатысты ойы түгелімен өзгерген, сосын өзі таңдау жасаған. 

"Кітап жазу барысында менің исламға қарсы көзқарасымның қате екенін дәлелдейтін көптеген деректерді көрдім. Осыдан бірер жыл бұрын  ислам дінін иттің етінен жек көретінмін. Егер бір сәтте сіз өзіңіздің бірнеше жыл бойы қателесіп жүргеніңізді білсеңіз қандай күйде боласыз? Салыңыз суға кетпейді ме?! Мен де түсініксіз, жаман сезімде болдым. Бірақ исламға қарсы болсам да үнемі Құдайды іздейтінмін, іштегі мазасыздықты сезінетінмін. Ал исламды қабылдаған кезден бастап түсініксіз, мен үшін беймәлім сезімнен түбегейлі арылдым. Араға көп уақыт салып өз үйіне оралған адам секілдімін", - дейді Йорам ван Клаверен. 

Аударған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір