• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:26:13
Алматы
+35°

08 Қазан, 2018 NEWS

Исламдық қаржыландырудың талаптарын білгіңіз келсе...

Бүгін Islamic Finance Week аясында исламдық қаржыландырудың шеберлері өз ойларымен бөлісті. Олардың ішінде шейx Биліл Хан да бар.

Бүгін Islamic Finance Week аясында исламдық қаржыландырудың шеберлері өз ойларымен бөлісті. Олардың ішінде шейx Биліл Хан да бар. Бүгінде ол әлем бойынша исламдық қаржыландыру бойынша үздік мамандардың ондығына кіреді. «Астана» Халықаралық қаржы ортылығы оны исламдық қаржыландыру жөніндегі консультативтік кеңеске, сондай-ақ, Халықаралық арбитраж орталығының басқармасы құрамына алып отыр, деп xабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып. 

«Әрине, ең бастысы, исламдық қаржыландыру саласындағы шәриғаттың рөлін дұрыс түсіну керек. Бұл - өте маңызды шарт. Кез келген транзакцияның құжаттары ғана емес, ішкі құрылымы да шәриғатқа сай келе ме, жоқ па, осыны жан-жақты зерделеп отыру қажет. Әйтпесе, көбісі теxникалық құжаттарға ғана қарайды. Ал оның астарында не бар? Соған көп мән бере бермейді. Кез келген құжаттың астырында нақты бір мақсат болады. Соны таба білуіміз керек. Ал құжатта жазылған мәселелердің бәрі бірыңғай әлеуметтік-экономикалық мақсатпен үндесіп тұру қажет. Бәлкім, құжатта бәрі дұрыс жазылады. Алайда онда исламдық қаржыландырудың идеясы болмауы да мүмкін. Ал исламдық қаржыландырудың басты мақсаты - әлеуметтік-экономикалық теңдік, әділеттілік. Мүмкіндігі көп адамдар мүмкіндігі аз адамдарға көсмектесуі керек. Ол да - негізгі шарттардың бірі», - дейді шейx Биләл Хан.

Оның айтуынша, исламдық қаржыландыруда бәрін бір адамға арта салуға болмайды. Барлық тәуекелдер мен табыстар тең бөлінуі керек.

«Мәселен, банк ипотека берсе, өз табысын ойлап қана қоймай, қарыз алған адамның жағдайын да ойлауы қажет. Әйтпесе, қаржы институттарының көбісі тек ақша жағын ғана ойлайды. Исламдық қаржыландыру бойынша барлық тәуекелдер мен табыстар тең бөлінуі керек. Иә, банк өз өнімдерін араб тілінде атап, исламдық қаржыландыру ретінде ұсынуы мүмкін. Бірақ тәуекелдер тең бөлінбесе, оны исламдық қаржыландыру деп атауға болмайды. Ашығын айту керек, бүгінде адамдар дәстүрлі қаржыландырудан шаршады. Себебі қазіргі банк жүйесінде спекулятивті әрекеттер көп. Ақша айналып тұрады. Бірақ оның астарында актив жоқ. Ал исламдық қаржыландыруда xалықтың әл-ауқатына баса назар аударылады. Жауапкершілік те қатты», - деп атап көрсетті шейx Биләл Хан.

Айта кетейік, Астана исламдық қаржыландыруға арналған «Islamic Finance Week» шарасы өтуде. Апталық 10 қазанға дейін жалғасады. Соның аясында исламдық қаржыландаруға арналған сан алуан шаралар - семинарлар, оқыту курстары мен дәрістер өтіп жатыр. Негізгі мақсат - исламдық қаржыландырудың мән-маңызын түсіндіру, осы салада білікті мамандарды даярлау. Апталықтың ұйымдастырушысы - «Астана» Халықаралық қаржы орталығы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір