• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:19:24
Алматы
+35°

07 Тамыз, 2017 Әлеумет

Ислам Кәрімовтың туған жиені төлқұжатын не себепті ала алмай жүр?

Журналист әрі Өзбектсанның бірінші президенті Ислам Кәрімовтың туған жиені Джамшид Кәрімовтың психиатриялық емханадан шыққанына жарты жылдан асты.

Журналист әрі Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Кәрімовтың туған жиені Джамшид Кәрімовтың психиатриялық емханадан шыққанына жарты жылдан асты. Жындыханада 11 жылын өткізген президенттің туысы әлі күнге дейін төл құжатын ала алмай жүр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі жергілікті Орталық Азия порталына сілтеме жасап.

«2006 жылдың жазында Швецияға кету үшін құжаттар дайындап жүргенімде төлқұжатымды тартып алды. Сөйтіп күшпен жындыханаға жатқызды. Содан бері төлқұжатсыз жүрмін. Қызым президент Шавкат Мирзиеевтің виртуалды қабылдауына жүгінген, алайда жауап жоқ. Әдейі істеп отыр ма, әлде әдеттегі өзбек бюрократиясы ма – білмедім. Төлқұжатсыз зейнетақы да ала алмаймын, жұмысқа да орналаса алмаймын. Қазір қолымда қызым берген соңғы 6 мың сом бар», – дейді Джамшид Кәрімов.  

Өзбекстанның алғашқы президентінің үлкен ағасы Арслан Кәрімовтің ұлы Джамшид Кәрімов Джизаке қаласының тұрғыны. 11 жыл бұрын билікті ашық сынаған журналисті күштеп жындыханаға жатқызған.

«10 жыл 5 айымды жалғыз бөлмеде өткіздім. Шизофрения деген жалған диагноз қойды. Шынымды айтсам, ағамның өлімі мен үшін үлкен тосын сый болды. Себебі, оның өлімі мені зынданнан құтқарды», – деді Кәрімовтың жиені.

Сондай-ақ, Джамшид Кәрімов ешқандай бөгетке қарамастан журналист ретінде өз жұмысын жалғастыратынын айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір