• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:48:28
Алматы
+35°

25 Маусым, 2018 Әлеумет

Қазақстандық режиссер Қанат Бейсекеев өзінің Иранда ұсталғаны жайлы айтып берді. Бұл туралы режиссер Telegram-дағы парақшасында жазған.

Түсірілім тобымен бірге таяу шығыс еліне барған Қанат Бейсекеевті қайтпақ болғанда аэропорт қызметкерлері досы екеуін ұстап, сөмкесін тексеру барысында квадрокоптерді байқаған.

«Нұрсұлтан екеумізді полиция бөлімшесіне апарды. Әділетті чекинг жасауға жібергенбіз, соның арқасында ұсталған жоқ», - деді Қанат Бейсекеев.

Режиссер мен досын полицейлер үш сағат бойы тергеген екен. Ақыры қандай шешім қабылдарын білмеген полиция екеуін босатып жібереді. Тек Бейсекеевті бұдан өткен қиындық күтіп тұрды.

«Біз гейтке қарай жүйткідік. Ал ол жерде бізді полициядан да лауазымды қызметкерлер күтіп тұрды – Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері. Қайтадан бөлімшеден бірақ шықтық, сөмкелерімізді тексерді. Ішінде Macbook Pro, айпад және түсірілімге қажетті жабдықтар болды. Олар бәрін тәркіледі», - деп жазды режиссер.

Бұған қоса олардың қолында Иранда жұмыс істейтін қазақтың аманат хаты болған екен. Конверт ішінде не бар екенін екеуі білмеген. Қауіпсіздік қызметкерлері оны да ашып қарады, конверт ішінен жүз долларлық купюралар шықты.  

«Ирандық чекистер ақшаны қайтарып берді. Ал түсірілімге қажетті заттарды алып қалды», - дейді Бейсекеев.

Қазіргі уақытта режиссер Алматыда. Жағдайы да қалыпты.

Қанат Бейсекеевтің ұсталғаны жайлы ақпарат 22 маусымда шыққан. PR-маманы Әлішер Елікбаев режиссердің мың доллар көлеміндегі жабдықтарының тәркіленгенін хабарлаған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір