• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:56:19
Алматы
+35°

16 Қазан, 2018 Экономика

Иран мен Ресей Батыстың қыспағынан шығудың тиімді жолын тапты

Ресей Федералдық Кеден қызметінің статистикалық мәліметтерінде екі елдің 2017 жылғы сауда айналымының көлемі 1 млрд 400 млн АҚШ долларын құрағаны айтылған.

«ParsToday» Иран Телерадио бірлестігінің  хабарлауынша екі ел Батыстың қыспағынан шығудың бір тиімді жолы өзара сауда-экономикалық қатынастарын күшейте отырып, бір-бірінің қажеттіліктерін өтеу деп ұйғарып отыр. Кеше Тегеранда Иран Ұлттық стандарттар ұйымының басшысы Нире Пирузбахт Ресейдің Аккредиттеу орталығының басшысы Алексей Херсонцевпен кездесуінде осындай ресми мәлімдеме жасаған.

Иран мен Ресей барлық салалар бойынша меморандумдар жасап, Тегеран мен Мәскеу арасында сауда жеңілдіктері артатынын айтып отыр.

Өз кезегінде Ресей өкілі Алексей Херсонцев те Иранмен сауда істерін жеңілдету үшін Ресейден азық-түлік қана емес, түрлі нысандар мен электронды құралдардан тұратын кейбір зертханаларының Иранның Ұлттық стандарттар ұйымы тарапынан ресми түрде қабылданатындығына үміт білдірді.

Сонымен қатар Ресей жағы «халал» брендімен шығатын өнімдерді сертификаттау үшін аккредиттеу органын құруды да ұсынды.

Ресей Федералдық Кеден қызметінің статистикалық мәліметтерінде екі елдің 2017 жылғы сауда айналымының көлемі 1 млрд 400 млн АҚШ долларын құрағаны айтылған. Мұның өзі аз көрсеткіш болмағандықтан, алда Иран мен Ресей сауда-экономикалық қатынастарды одан ары күшейтіп, бір-біріне қолдау жасауға мүдделі екендіктерін көрсетіп отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір