• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:29:44
Алматы
+35°

29 Қыркүйек, 2017 Әлеумет

Ирак пен Сирияда өткен қорлық пен қорқынышқа толы күндер

Би-би-си журналисі Ирак пен Сирияға барған әйелдердің аналарымен сөйлесті

Би-би-си журналисі Ирак пен Сирияға барған әйелдердің аналарымен сөйлесті. Кездесу Шешенстанның Мәскеудегі өкілдігінде өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Мен Эрежебова Жаннет Дағыстанның тумасымын. Балаларым 2015 жылы 13 шілдеде Түркияға кеткен. Бірінші қыркүйекте ол жұмысқа кірісуі қажет еді. Ол мектепте ағылшын тілінен сабақ беретін. Үлкен баласы да бірінші сыныпқа баруы керек еді. Қызымды өзім шығарып салдым. Ол отбасына, жұмысына оралады деп ойладым. Екі аптадан кейін белгісіз номерден қызымның атынан хабарлама келді. Онда «Анашым, саған ештеңе айта алмаймын. Үйге орала алмаймын» деп жазылған. Хабарламаны қызым жазды ма, әлде басқа біреу ме білмеймін.

Осыдан кейін Ресейдің Түркиядағы елшілігіне хат жаздым. Алайда елшілік өкілдері қызым, күйеу балам мен жиендерімді таппады. Екі ай бойы қызымнан ешқандай хабар келмеді. Телеарна арқылы Еуропаға баратын эмигранттарды көрсететін бағдарлама арқылы да іздедім. Қызым бәлкім Еуропаға кеткен болар  деп ойладым. Суға батқан эмигранттардың ішінен  де іздедім. Алайда қызым туралы қандай да болмасын ақпарат табу мүмкін болмады.

Үшінші айда қызым байланысқа шықты. Қызым өксіп жылады.

«Анашым, кешірші мені. Мен білмедім. Мен балаларым үшін осында келдім» деді. Мұнымен не айтқысы келгенін түсінбедім.

Қызым неліктен ол жерге барғанын білу үшін күйеу баламның байланысқа шығуын талап еттім. Кейін қызымнан күйеу баламның көз жұмғанын естідім.

«Қайдасың? Жаныңда кім бар?» деп сұраған едім, қызым ондай ақпарат беруге тыйым салынғанын айтты.

2016 жылы 30 қарашада қызым хабарласты. «Анашым, жағдайымыз ауыр. Егер ұзақ уақыт байланысқа шықпасам, балаларымды іздеп тауып, елге алып кет. Оларды мұнда қалдырма» деді қызым.

Жақында Сирия, Ирактан келген әйелдерге қызым мен жиендерімнің фотоларын жібердім. Олардың бірі балаларды таныды. Жиендерімді жақында көргенін айтты. Келесі күні оларды басқа лагерге апару керек болған екен. Басқа ақпарат жоқ. Балаларымды табуға көмектесіңдерші» деді амалы таусылған ана.

Қызын таба алмай жүрген аналардың бірі Фатима Атагаева.

«Мен қыздарын іздеп жүрген аналардың бірімін. Қызым 2014 жылы Волгоград облысынан шетелге кеткен. Қызыммен сөйлескенде оның айтқан алғашқы сөзі, «Анашым, шын сөзім, мен қайда не үшін бара жатқанымды белмедім. Өзге елге жетіп, бетіме ыстық жел соққанда мұнда не істеп жүрмін деп ойладым» деді ол. Ол төрт баласымен кеткен. Бір баласын сонда босанды. Соңғы рет онымен 2-ші  ақпанда сөйлестім. Олардың қайда, не істеп жүргенінен мүлде хабарсызбын» дейді Фатима Атагаева.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір