• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:20:33
Алматы
+35°

08 Қараша, 2018 Саясат

Ёсихиро Фукуя́ма: Путин кеткеннен кейін билік үшін күрес басталады

Путин кеткен соң, билік үшін күрес басталады, оның нәтижесін болжау өте қиын.

Ёсихиро Фрэ́нсис Фукуя́ма – түп атасы жапондық, америкалық философ-ғалым. Оның атағы «Тарихтың ақыры және соңғы адам» атты кітабынан кейін әлемге әйгілі болды. Әлемнің 20 -дан астам тіліне аударылған

Фукуяманың бұл кітабы ғылыми орта мен бұқаралық ақпарат құралдарында үлкен қоғамдық пікір туғызды. Бірақ ол «тарихтың соңы болуы мүмкін» деген пікірінен қайтпақ емес. Фукуяманың Ресейдің қазіргі саяси жағдайы мен болашағы туралы да ойлары қызғылықты. Сонымен, танымал ғалым, саясаттанушы, философ не дейді?!

–Қазір өркениеттер соғысына жол жоқ. Менің ойымша, бұл – құндылықтардың қақтығысы. Ал  Ресейге келер болсақ, бүгінгі күні ол қандай да бір басқа әлеуметтік жүйедегі мемлекет емес. Бұл президент Путинің қоршаған элитаның жеке мүдделеріне негізделген клептократияның бір түрі.

Иә, бұл –  құндылықтардың қақтығысы. Бірақ Путиннің режимі марксизм мен ленинизмнің жақсы дамыған идеологиясына негізделген Кеңес Одағы сияқты Батыстың маңызды баламасы емес деп айту керек. Путин өзінің баламасын Батыстың нәрселерінен бас тартуға негіз ретінде құрды, бірақ ол өркениеттік балама емес.

Ресейде Украина, Грузия, Балтық  жағалауы елдері секілді, бұрынғы Кеңес Одағының көптеген елдерінің басымдықтарынан ажырамайтын Ресейдің ұлылығы туралы идея бар. Бұл – нақты мәселе. Ресей экономикалық өсімге, бай және терең мәдениетке немесе ресейлік ұлттық дәстүрлерге негізделген ел ретінде елеулі болуы мүмкін. Бірақ оның идеясы –көршілеріне үстемдікке қол жеткізу болып қала береді.

Путиннің жүйесі ұзақ уақыт жұмыс істейді дегенге сену қиын. Орыс халқы гүлденуді қалайды. Бірақ Путин мұнай және энергия бағасына қарамай өсетін отандық экономиканы жеткілікті құра алған жоқ. Бұл – оның режиміндегі үлкен әлсіздік. Иә, орыс адамдары Мәскеудің Қырымды аннексиясиялауын ұнатады. Бұл оқиғадан кейін Путин елде өте танымалдыққа ие  болды. Дегенмен,  бұл оның режимін ұзақ заңдастыруға негіз бола алмайды.

Путиннің көрші елдерге үстемдікке қол жеткізуге ұмтылуы - Ресейде өмір сүру деңгейін сақтай алатын әртараптандырылған экономикадағы заманауи мемлекет болудың жолы емес. Егер Вашингтонның сыртқы саясатын Ресейге қатысты қарайтын болсаңыз, онда Дональд Трамтың президент болуы, АҚШ саясаты үшін өте ерекше болды. Өйткені, Америка Құрама Штаттары Мәскеуге қарсы  жаңа санкцияларды тұрақты түрде енгізіп келе жатыр.  Біріншіден, Ресейді мұншама  бұғаулау тарихта ешқашан болған емес. Екінші жағынан, АҚШ президентінің Путинмен жеке қарым-қатынасы жақсы деңгейде деуге болады.

Ал Украинада орын алып жатқан оқиғалар – бұл украиндықтарға  тәуелді нәрсе. Себебі, сыртқы қарым-қатынас пен саяси жағдай тек Ресейге ғана емес, ол елдегі сыбайлас жемқорлық пен әлсіз басқаруға да байланысты болып отыр. Тек осы мәселелерді шеше алғанда, Украина толыққанды мемлекетке айнала алады. АҚШ, Германия немесе басқа елдер Киевке сырттан ықпал ете алмайды, бұл тек украиндықтардың өздеріне қатысты. Украинада сыбайлас жемқорлықтан құтылуды қалайтын реформаторлардың жас ұрпағы өсіп келеді. Ал Ресейде мүлде басқа жағдай. Украинаға үлкен үмітпен қарауға болады. Ал Ресей қазір ешкімге үлгі болмайды. Ешкім Ресейге жақындағысы келмейді. Негізі Путин дұрыс мемлекеттік  институттарды құра алмады. Бұл – оның билігінің нақты қайғысы. Путин кеткен соң, билік үшін күрес басталады, оның нәтижесін болжау өте қиын.

Керімсал Жұбатқанов, тарих ғылымның кандидаты, Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің доценті.

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір