• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 01:05:59
Алматы
+35°

09 Желтоқсан, 2017 Денсаулық

Инсульттан көз жұмған алматылықтың жүрегі Астанаға жөнелтілді

Инсульттан көз жұмған алматылық 48 жастағы ер адам 3 адамның өмірін ұзартты.

Инсульттан көз жұмған алматылық 48 жастағы ер адам 3 адамның өмірін ұзартты. Марқұмның туысқандары оның ішкі органдарын мұқтаждарға беруге келісім берген, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасай отырып. Бұл туралы А.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургиялық орталықтың бауыр трансплантациясы және урология бөлімінің меңгерушісі Равиль Ибрагимов айтты.

10 қарашада 48 жастағы ер адам ауруханада инсульттан көз  жұмған. Марқұмның әйелі мен туыстары 2-3 сағаттық кеңесуден соң ішкі органдарын донорлыққа беруге келісім берген. 2 бүйрек Алматыда қалса, жүрек Астанаға жөнелтілді. А.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургиялық орталықтың бауыр трансплантациясы және урология бөлімінің меңгерушісі Равиль Ибрагимов бастаған команда күрделі отаға кірісіп кетті.

«12-14 сағат дайындыққа кетті. Марқұмның ағзасынан анализ алынды. Тексерген соң 2 бүйрек, 1 жүрек алынды. Бауырын алмадық, себебі бауырында өзгерістер болды. 1 тәулік ішінде кезекте тұрған науқастардан да анализ алынып, сәйкестігі тексерілді. Нәтижесінде 5 жыл гемодиализ аппаратына таңылған 48 жастағы ер адамға бүйрек ауыстырылды. Сосын 1 жыл гемодиализ аппаратын жағалаған 34 жастағы жігіттің бүйрегі ауыстырылды. Екеуі де 3 аптадан соң шықты. Денсаулықтары жақсы. Гемодиализ аппаратын пайдаланбайды. Ал жүрегі Астанадағы пациентке салынды. Бұл оқиға да жақсылықпен аяқталды», — деді Равиль Ибрагимов. 

Республикалық трансплантация үйлестіру орталығының мәліметінше, бүгінгі таңда бүйрек ауыстыру кезегінде 2779 ересек, 51 бала тұр. Ал бауыр ауыстыруға - 549 ересек, 9 бала, жүрек ауыстыруға - 122 ересек, 16 бала, өкпе ауыстыруға 11 ересек адам кезек күтіп тұр. Қазақстанда ең алғаш рет бүйрек ауыстыру отасы 1979 жылы жасалған. Осы уақытқа дейін елде мыңға жуық ота жасалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір