• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 07:48:30
Алматы
+35°

25 Наурыз, 2017 NEWS

Индияда 12 жастағы жасөспірім әке атанды

Керал штатында 12 жасар жасөспірім Индиядағы ең жас әке атанды, деп хабарлайды Indian Express, мәліметтің қазақша нұсқасын

Керал штатында 12 жасар жасөспірім Индиядағы ең жас әке атанды, деп хабарлайды Indian Express, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.

Кералдық тұрғынның сәбиі 2016 жылы Коччи қаласында дүниеге келген. Сол кездің өзінде 17 жастағы ана сәбиінің әкесі осы бала екендігін мәлімдеген болатын. Полиция қызметкері С.Джайакришнанның айтуынша, ДНҚ сараптамасының қорытындысы анасының сөзін растап шыққан.

Жасөспірімнің үстінен сәбидің анасы арыз жазып, кералдық тұрғын жас қызға зорлық көрсетті деген айыппен қамауға алынған болатын, кейіннен оны кепілмен босатқан.

Белгілі болғандай, сәбидің ата-анасы бір-бірімен туыс және көрші тұрады екен.

2013 жылы Жаңа Зеландия тұрғыны 11 жасында әке атанғандығы жайлы хабарланған болатын. Сонымен қатар, соңғы жылдарды 12 жасында әке атанғандар әлем бойынша көп кездеседі, оның ішінде Ресейлік тұрғындар да бар. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір