Иманғалиға "коммунистердің ешқайсысына сенуге болмайды" деп жатқандар да аз емес

Иманғалиға "коммунистердің ешқайсысына сенуге болмайды" деп жатқандар да аз емес
ⒸSputnik Казахстан

«Құдекең» деп отырғанымыз – кәдімгі Құдай. Дегенмен, бұл сұраққа әңгіменің соңында оралармыз, әзірге ең күйіп тұрған мәселені – алдағы сайлау жайын аз-кем сөз етіп, екі өтініш айтсақ дейміз.

Әрине, бұл сайлауға Д.Назарбаева түсіп, тезірек таққа отыра ма, жоқ әлде Қ-Ж.Тоқаевқа бір-екі жыл салтанат құруға мүмкіндік беріле  ме, болжам жасау қиын, ол жағын өз «сценарийі бойынша» қимылдап жатқан жоғары билік біледі. Егер  билік И.Тасмағанбетовті бәйгеге қосса, ең оптималды шешім сол болар еді (өйткені, оның жеңіп шығары сөзсіз), сонда ел де Елбасыға риза, Имекең де өзі билікте отырған кезде Ельциннің Путині секілді ұстазының зейнеткер ретінде мұңсыз-қамсыз демалуын қамтамасыз етер еді, бірақ, мәселе Тұңғыш Президенттің билікті өз отбасының уысынан шығарғысы келмейтіндігінде, Дариғаның екінші лауазымды иеленіп, енді соңғы секіріске дайындалып жатқаны да соның қамы екендігінде болып тұр ғой...

Осы тұста И.Тасмағанбетовке «сайлауға түссеңізші» деп өтініп жасап жатқан жұрт көп. «Ой, ол – «продукт» қой, жалпы, коммунистердің ешқайсысына сенуге болмайды» деп жатқандар да аз емес. Ағайындар-ау, нақты өмірге шынайы қарап, әділдігін айтайық та - қай әкім Атыраудағы шетелдік, Алматыдағы отандық, бір ернімен көк тіреп, бір ернімен жер тіреген компанияларды ауыздықтай алды? Қай әкім «күндіз отырмайтын, түнде ұйықтамайтын» теңдессіз іскерліктің үлгісі бола алды? Қай әкім астана Нұр-Сұлтанды қазақыландыра алды? (Кәзір ол бұрынғы орыстанған таз қалпына қайта түсті...) Көре алмайтындар түк таппағанда «оның қазақ тілін білетіндігінен басқа артықшылығы жоқ» дейді. Ендеше біз де айтайық – бала күннен қазақтың ертегі-аңызын оқып, батырлар жырын жаттап, қазақы тәрбие мен рухты жадына құйып, санасына түйіп өспеген адам қазақтың жанын түсіне алмайды! «Түсінем!» десе, алдағаны, сенбеңіздер! Қазақтың жанын түсінбеген адам оның мұңын-зарын ұғына алмайды, жеме-жемге келгенде жанашырлық көрсе алмайды. Ал, Иманғалидың қазақтың рухын көтеру жолында істеген еңбегі аз ба?

Ертең саяси тұрақсыздық орын алса, әзірге байлығы өзіне сор болып жабысқан Қазақстан үшін қып-қызыл дода басталады. Рас, «...сол кезде ел қорғаған ер Абылай, жауының бірін алдап, бірін арбап» дегендей, бірінші Президентіміз Қазақ Советтік Социалистік Республикасынан мұраға қалған жердің біразын құрбандыққа шалса да, елді осы күнге аман-есен жеткізді. Бірақ, бұл саясатты бұдан әрмен қарай жалғастыра беруге болмайтыны – қазақ мұнайының 40 пайызын иеленіп үлгерген, енді ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп ошақтарын иемдене бастаған қытайдың экономикалық экспансиясын тоқтатпаса, тоқтатудың өзі аз, ықпалын ең төменгі минимумға түсірмесе, жалпы, барлық шетелдік компаниялармен арадағы келісімшарттарды қайта қарамаса болмайтыны бүгін айдан анық көрініп тұр. Ел тағдыры шешілер бұндай кезде мемлекеттің басына білімді ғана емес тәжірибелі, ақылды ғана азулы, ойлы ғана емес шешен адам келуі ауадай қажет! Майыспайтын, майысса да сынбайтын қайсар мінез, тығырықтан жол табарлық қабылет қажет! Бұл қасиеттің бәрі – басқа азаматтар ренжімесін, ренжісе өздері біледі – тек Иманғали Тасмағанбетовтің бойында бар екенін, бүгінгі таңда оның президенттікке үміткер өзгелерден оқ бойы озық тұрғанын бәріміз мойындауға тиіспіз. Ең бірінші билікте жүрген бәсекелес, бақталас өз бауырларымыз мойындауы тиіс. Олардың ешқайсысы да ертең қазақтың басын біріктіріп ұстап қала алмайды. Ұстап қалмайын демейді, ердің ереніне ғана тән қайрат, еменнің шоры ғана шыдар қаттылық бойынан табылмай қалады! Қ-Ж.Тоқаевтың білгір маман екеніне ешкімнің күмәні болмас, бірақ, ол Иманғалидай от пен суға түсіп шыңдалмаған,  «дауға түсіп сыналмаған, жауға шауып бұланбаған» адам. Имекеңді қайда салмады Ұстазы!.. Шетелдік банктегі құпия ақша белгілі болып, «ол біздің мемлекеттің болашақта керек болар деп сақтап отырған қаржысы еді» деп парламент депутаттарының алдында ақталып, түсінік берген де Имекең. Сол отырысқа қатысқан депутаттардың бәрінің әкелері жаңа өлгендей түнеріп отырған келбеті әлі күнге дейін менің көз алдымда... Ол ол ма, жерді сатуды заңдастыратын Жер туралы Кодексті парламенттен өткізіп алу үшін де Тасмағанбетовтей премьер керек болды, жоғарғы билікке. Парламент жауапкершілікті мойнына алғысы, тіпті, бөліскісі келгенде де табандылық көрсетіп тұрып алар еді. Жоқ, заң жобасын екінші рет қабылдамаса үкімет пен қоса өздері де таратылатын болған соң тайқып шыға келді. Тіпті, «Жер сатылмасын!» деп үндеу жариялаған,  марқұм Шерхан Мұртаза, Фариза Оңғарсынова бастаған 15 депутат кейін «сатылсын» қол көтерген жоқ па? Кодекс қабылданған күннің ертесіне «осы абыройсыз болғаным жетер» деген Имекең «бұл қызметтен босатыңыз» ддеп арыз берді. Осыған өресі жетпеген кейбіреулер «Жер туралы Кодексті қабылдаттырған Тасмағанбетов!» дейтінін қайтерсің...

Сондықтан біз қалың елдің атынан жеңіске жетер бірегей тұлғаны ұсынғымыз келсе, халыққа, ұлтқа жанымыз ашитыны рас болса, оны сөз емес іс жүзінде көрсетіп, «басы қосылмайтын ақсақалдарға» жататын қос Мұхтар бастап, Жасарал Қуанышәлі, Қасен Қожа-Ахмет, Әміржан Қосанов, т.б. қостап, бәріміз түгел Иманғали Тасмағанбетовтің айналасына топтасуымыз керек. Топтасып, «Иманғали, елің үшін қоғамдық бірлестік атынан майданға түс»! деуіміз керек.  Мейлі, ол біреуіміздің «ата жауымыз» саналса да. Вольтер: «Менің сізді атарға оғым жоқ, бірақ, сіз өз пікіріңізді парламентте айта алу үшін жанымды беруге даярмын!» деген екен. Ал, бізде бәске парламентте сөйлеу емес, Президентті сайлау тігіліп тұр ғой!  Бұл – бірінші өтініш.

«Біз топтасуға дайынбыз, ал, сіз мақтап отырған Имекеңіз түсуге дайын ба екен?» деген сұрақ сақпанның оғындай сарт етіп қалары сөзсіз. Сондықтан, келесі өтінішіміз Имекеңнің өзіне. Алдымен, рұқсат болса, кішкентай шегініс. Ұмытпасам, 2011 жылдың 23-24 желтоқсаны. «Руханият» партиясындамыз. Күніге штабта, «Жалын» журналының редакциясында бір рет бас қосамыз. Түс кезінде штабқа бара жатып, кеше партия жетекшісі М.Шахановтың сайлауалды үгіт жұмысымен Жамбыл, Шымкентке кеткенін естідім. Дереу телефон соқтым: «Мұха, қайдасыз?» «Түркістандамын. Университетте оқытушылармен, студенттермен кездесу болды. Тамаша өтті. Кәзір түскі аста отырмыз». «Ойбай-ау, Мұха, қайдағы Түркістан? Қайдағы сайлау? Жаңаөзенге неге кетпей жатсыз?!» «Оған енді мына жақтағы жұмыстар бітсін, сосын барамын ғой...» «Мұха, 70 жыл бойы жиған абыройыңыздан 7 күнде айрылайын деп пе едіңіз? Бүкіл батыс күтіп отыр, бүкіл Қазақстан көз тігіп отыр ғой сізге бара ма, бармай ма деп? Тастаңыз бәрін, шығыңыз кәзір Алматыға!» «Оған енді билет табыла қояр дейсің  бе?..» «Мұха, ертең түскі ұшаққа маған Қажымұхан Ғабдолла электронды билет алып қойған. Мен қаламын, орныма сіз кетіңіз!» (Ертесіне бірнеше адам Ақтауға ұштық). Имеке, мен бұны мақтаныш үшін айтып отырмағаным түсінікті шығар. Дәл сол күнгідей сізге де БАҚ арқылы айтқым келеді (телефон соғар едім, нөміріңіз жоқ менде): «Сайлауға түсу үшін билікпен ат құйрығын үзісуіңізге тура келеді. Бірақ, басқа саясаткер-қайраткерлермен қатар сіз үшін де бүгін – сын сағаты! Сізді тіркемеуге биліктің батылы бармайды. Рас, жарты пайызбен болсын ұтылып қалуыңыз да мүмкін. Бізде бәрі мүмкін ғой... Бірақ, биліктен кеткенмен болашаққа саяси капитал жинайсыз, халықтың «Тасмағанбетовке сенуге болады екен!» деген сеніміне ие боласыз. Бүгінгі жеңіліс (егер жеңілсеңіз) - ертеңгі күннің жеңісі!

Жоғарыда Құдай туралы айтамыз деп едік. ...1988 жылы Бүкілодақтық партконференцияда коммунистік элита мінберде тұрған Б.Ельцинге кешірім сұраған сөзін де айтқызбай, адам орнына санамай, шулап, аяқтарымен еденді тепкілеп, қалай қуып шыққаны әлі күнге көз алдымда. «Ельцин – саяси өлік» деді елдің бәрі. Бір жыл өткенде Казанник деген омбылық прокурор орынын ұсынып, депутат Б.Ельцин Жоғарғы Кеңеске сайланды. Тағы екі жылдан соң Ресей президенті Б.Ельцин компартияны заңсыз деп тапты. Ақырында М.Горбачев бір түнде елі жоқ патшаға айналды...

Ельцин басын бәйгеге тікпесе, Горбачевқа қарсы шығар ма еді?  Құдай оның сол ісін қош көрді – билікке келді. Мұхаммед (с.ә.с.) пайғамбар: «Адам істің дұрысын істесін-дағы, қалғанын Аллаға тапсырсын» деген. Қай уақытта айтқан? Арттарынан жаулары қуып жетіп қалғанда Әбубәкір екеуі таудың жартасынан бұрылады, бұрылған жерде оның бүйіріндегі үңгірді көреді. «Кіреміз!» дейді пайғамбар (с.ә.с.) «Онда өзімді-өзі ұстап береміз ғой?» дейді досы. «Басқа жол жоқ, олар бәрібір жетіп қалды, Алланың басқа салғанын көреміз» дейді Расулолла. Қуғыншылар бұрылған кезде ешкімді таппай қалады. Жартастың бүйірінде үңгір тұр. Аузын шаң басқан, құрақұрттардың торы, кем дегенде жүз жыл адам баласы жоламағаны көрініп тұр... «Сиқыры бар деуші еді, екеуі сол сиқырдың күшімен ғайып болып кеткен ғой» деген қуғыншылар кейін қайтады...

Біз көп жағдайда Құдай бар екенін, түптеп келгенде бәрін сол шешетінін ұмытып кете береміз. Дәл осы екі айда Имеке, сіз де, саясаткерлер, сіздер де дұрыс істі істегеннен - біріңіз сайлауға түсіп, қалғандарыңыз соны қолдағаннан -  сөйтіп, бұл дұрыс істің қалғанын Аллаға тапсырғаннан асқан маңызды, одан асқан абзал да игілікті ешнәрсе жоқ шығар!.  Сонда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара алған сіздерді Халық та қолдайды, «мен көптің тілегін қайтаруға ұяламын» деген Алла-Тағала да  берекесін берер...

Өмірзақ Ақжігіт

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 1 ай бұрын

    Өте орынды айтылған деп есептеймін. Иманғали ағаның президенттікке ұсынылғанын қалар едім. "Періште" жоқ шығар, болса ондай адамға бағына қоятын ел табылар ма екен... "Қазақтың тірісінің жаманнан аманы жоқ".

    1
    Жаңа емле ережелеріндегі кемшіліктер
    20/05 14:52 0 0
    2
    Зеленский “кет” деді. Кетті!
    20/05 14:38 0 32
    3
    Huawei смартфондарында Android операциялық жүйесінің жаңартулары тоқтатылады
    20/05 14:22 0 59
    Псевдосалафизммен күресте исламды жақсы білетін тарихшыларды алға шығару керек!
    20/05 14:16 0 11
    Зеленский: Суретім еш жерде ілінбеуі тиіс. Президент табынатын икона емес
    20/05 14:13 0 178

    Таныстырылғандар

    Сәдібек Түгел: Досым Сәтпаев, неге ана тілді құрметтемейсің? (видео)
    Сәдібек Түгел: Досым Сәтпаев, неге ана тілді құрметтемейсің? (видео)
    Сәдібек Түгел: Досым Сәтпаев, неге ана тілді құрметтемейсің? (видео)
    Айналайын, Досым арада 30 жыл өтті.
    Аудио тыңдау
    16/05/2019 10:26 0 1063
    Теледебат. Кандидаттар қандай пікірде?
    Теледебат. Кандидаттар қандай пікірде?
    Теледебат. Кандидаттар қандай пікірде?
    кандидаттар арасындағы дебат таяуда тікелей эфирде өтуі мүмкін
    Аудио тыңдау
    16/05/2019 12:53 0 542
    Баннер іліп, плакат көтергендер туралы депутаттар не айтты?
    Баннер іліп, плакат көтергендер туралы депутаттар не айтты?
    Баннер іліп, плакат көтергендер туралы депутаттар не айтты?
    Бір-бірінің ауызына түкіріп қойғандай "Мен ештеңе айта алмаймын" деп ақталды бәрі, түге.
    Аудио тыңдау
    16/05/2019 13:14 0 952
    Зеленскийдің ұлықтау рәсімі қашан болады?
    Зеленскийдің ұлықтау рәсімі қашан болады?
    Зеленскийдің ұлықтау рәсімі қашан болады?
    Украинаның жаңадан сайланған президенті Владимир Зеленскийдің ұлықтау рәсімі 20-мамыр күні сағат 10:00-де парламент залында басталады
    Аудио тыңдау
    16/05/2019 15:14 0 320
    Тоқаев Қытай шенеунігін қабылдады: Не айтты?
    Тоқаев Қытай шенеунігін қабылдады: Не айтты?
    Тоқаев Қытай шенеунігін қабылдады: Не айтты?
    ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Қазақстанға алғаш рет сапармен келгенін атап өтіп, біздің еліміздің жақсы әсер қалдырғанын айтты.
    Аудио тыңдау
    16/05/2019 16:08 0 543
    Шри-Ланка қарызын қайтара алмай, Қытайға жерін берді
    Шри-Ланка қарызын қайтара алмай, Қытайға жерін берді
    Шри-Ланка қарызын қайтара алмай, Қытайға жерін берді
    Қытайға 1 млрд доллардан аса қарыз Шри-Ланка ақыры өз аумағындағы "Хамбантота" айлағын ҚХР иелігіне берді
    Аудио тыңдау
    16/05/2019 23:52 1 9980
    Ангела Меркель саясаттан біржола кететінін мәлімдеді
    Ангела Меркель саясаттан біржола кететінін мәлімдеді
    Ангела Меркель саясаттан біржола кететінін мәлімдеді
    Ешқандай саяси лауазымды қызметтерді атқармайтынын айтты.
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 10:10 0 564
    Аты шулы атыраулық полицей аттан түсе ме?
    Аты шулы атыраулық полицей аттан түсе ме?
    Аты шулы атыраулық полицей аттан түсе ме?
    Аян Дүйсембаевты қызметтен босатуды сұрады
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 18:32 0 943
    Президенттікке үміткерлер сайлауалды бағдарламаларында нені ұмыт қалдырды?
    Президенттікке үміткерлер сайлауалды бағдарламаларында нені ұмыт қалдырды?
    Президенттікке үміткерлер сайлауалды бағдарламаларында нені ұмыт қалдырды?
    Мемлекетті басқаруды дәметіп отырған үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларында нені ұмыт қалдырды.
    Аудио тыңдау
    18/05/2019 02:12 0 656
    Уәдесінде тұру үшін ломбардқа дүние-мүлкін салған кандидат кім?
    Уәдесінде тұру үшін ломбардқа дүние-мүлкін салған кандидат кім?
    Уәдесінде тұру үшін ломбардқа дүние-мүлкін салған кандидат кім?
    Қазір "кандидат қатарлы" үгіт-насихат науқанында жұмыс жасауда.
    Аудио тыңдау
    18/05/2019 02:54 0 1390
    Бердібек Сапарбаев: Мен де "грузчик" болдым (видео)
    Бердібек Сапарбаев: Мен де "грузчик" болдым (видео)
    Бердібек Сапарбаев: Мен де "грузчик" болдым (видео)
    Кейін министр өзінің бір күндік өмірі турал айтып берді.
    Аудио тыңдау
    18/05/2019 22:46 2 1623
    Абзал Құспан: Сайлау құжаттарын бұрмалау 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеледі
    Абзал Құспан: Сайлау құжаттарын бұрмалау 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеледі
    Абзал Құспан: Сайлау құжаттарын бұрмалау 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеледі
    Бұрын-соңды ешбір сайлауда ел халқы дәл бұлайша, білек сыбанып, белсенділік танытқан емес.
    Аудио тыңдау
    19/05/2019 14:01 0 1925
    "Қосановты дебатқа шақырамын" (видео)
    "Қосановты дебатқа шақырамын" (видео)
    "Қосановты дебатқа шақырамын" (видео)
    Сайлауға қатысып жатқан жеті кандидаттың алтауын "биліктің қолдан жасаған қуыршағына" теңеген.
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 03:42 0 2455
    Зеленский бүгін ұлықталмақ
    Зеленский бүгін ұлықталмақ
    Зеленский бүгін ұлықталмақ
    Жаңа президенттік ұлықтау рәсімі сағат 10.00-де (Нұр-Султан уақытымен сағат 13.00) Парламент ғимаратында  басталуы тиіс.
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 11:12 0 163
    Зеленский: Суретім  еш жерде ілінбеуі тиіс. Президент табынатын икона емес
    Зеленский: Суретім еш жерде ілінбеуі тиіс. Президент табынатын икона емес
    Зеленский: Суретім еш жерде ілінбеуі тиіс. Президент табынатын икона емес
    Киевте президент Владимир Зеленский өзінің ұлықтау рәсімінен кейін сөзінде Жоғары Раданы тарату туралы бұйрық берді
    20/05/2019 14:13 0 180