12Желтоқсан

Иманғали Тасмағамбетов. Абай – Пікіріміздің пірі, Рухымыздың туы

Иманғали Тасмағамбетов. Абай – Пікіріміздің пірі, Рухымыздың туы
Ⓒqamshy.kz

Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының

Абайдың 150 жылдығына арнап өткізген

мерекелік сессиясының ашылуындағы сөз

1995 жылғы 8 тамыз

Ардақты әлеумет!

Қадірменді меймандар!

Дүние жүзі халықтарының тарихында аты жер басып жүрген жұмыр бастының бәріне бірдей ортақ, бәріне бірдей қымбат тұлғаға айналған алып ойшылдар мен көрген кемеңгерлердің аз емес екені өздеріңізге де мәлім.

Біздің Абайымыз да осындай әлемдік деңгейдегі асқар биікке айналып отыр.

Оның дүниеге келгеніне 150 жыл толыпты. Өлеңдерінің ауыздан, кітаптарының қолдан түспей келе жатқанына да бір ғасырдың жүзі болып қалыпты. Осы уақыттың ішінде ол ұлтымыздың бірден-бір рухани ұстазына айналды.

Қазақтардың Абай десе ішкен асын жерге қоятынында, сөзін Абайдан бастап, ойын Абаймен сабақтауында да терең мән бар. Тарихтың талай-талай қиын кезеңдерінде Абай өз халқының адастырмас темірқазығы, алжастырмас бағдаршамы бола білді. Қандай қысылтаяң, нендей келеңсіз кезеңдерде де оның ұлағатты сөзі халқымыздың қолтығына сүйесін, иығына демесін боп, табанын тайғызған жоқ, жігерін жасытқан жоқ. Сасқалақтағанда сабыр, тоқырағанда тоқтам тауып берді. Заманымыздың заңғар жазушысы Шыңғыс Айтматовтың Парижде өткен Абай күндерінде: «Ұлттық мәдениеттердің өрісі тарылып, ұлттық тілдер жойылуға бет бұрған советтік дәуірде Абай қазақтың тілін де, рухын да сақтап қалды», - деуі де сондықтан.

“2017 жылы хакім Абайдың туғанына 172 жыл толуына орай Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов және дипмиссия өкілдері Мәскеудің қақ төрінде орын тепкен ғұлама ақын Абай ескерткішінің алдына барып гүл шоқтарын қойған сәті

Абай – әлемнің қай бұрышынан қарасаң да, көзге түспей қалмайтын рухани Алатауымыз. Ол – біздің ар-намысымызға, өмірлік өлшемімізге, ұлттық парасат-пайымымызға айналған асқаралы абызымыз. Пікіріміздің пірі, рухымыздың туы.

Артына «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол!» деп аманат артып кеткен ақылды әлемдік ақыл-ойдың төріне шығару ұрпақтың талайдан бергі арманы еді. Бұл жолы сол тілегімізге жеткендейміз. Бірақ түгел жеттік деп айта алмаймыз. Оған өзіміз кінәліміз. Өкінішке орай, біз Абайды дүние жүзі халықтарына өз деңгейінде таныта алмай келеміз. Абай мұрасы әлем жұртшылығы тарабынан өзінің лайықты бағасын алды деуге әлі ерте. Олай деп, Абай әлемнің ең басты тілдерінде ауылдағыдай көсіле сөйлеп, есіле сырласа алған жағдайда ғана айта аламыз.

Абайдың өзге тілдерге тәржімаланған мұраларын есептемей-ақ, өзіміз жетік әрі еркін білетін орыс тіліне аударылған нұсқасын қолдарыңызға алып байқаңыздаршы. Абайдың атан-түйе тарта алмас аса салмақты, ауқымды ойларының оннан бірі ғана жеткен.

Әрине, мен бұл жерде аудармашыларға титтей де болса кінә артудан аулақпын. Абайды шет тілдеріне аударған қадірменді ақындарға, шет елдерге насихаттауға аянбай атсалысып жүрген баспагерлердің баршасына алғыстан басқа айтарым жоқ. Менің айтайын дегенім, Абай тәрізді данышпанды аудару – қиынның қиыны екенін, әлі түген алынбаған асу екенін еске сала кету.

Ұлт пен ұлтты бауырластырып, халық пен халықты жақындастыратын да – Абай сияқты ұлы гуманистер. «Әкенің баласы – адамның дұшпаны, адамның баласы – бауырың», яки басқа халық та бауырың, басқамен де тату-тәтті деген Абайды өзге тілге өз деңгейінде, бар болмысымен жеткізу – тек әдеби, мәдени ғана емес, үлкен саяси мәні бар ұлы міндет.

Алыстағы келген мейманға ақ тақиялы тауларымызды, алмасы албыраған бауларымызды, зәулім зауыттарымыз бен көл-көсір кеніштерімізді көрсетіп, мақтанғанның, бәлкім, пәлендей айыбы болмас. Бірақ біздің шет жұртқа, сырт ағайынға ең әуелі мақтаныш ететініміз, көзін сүйсінтіп, көңілін елжіретер рухани дәнекеріміз, рухани айбынымыз – АБАЙ, АБАЙЫМЫЗ болу керек!

Әрісі Шығыстың мәңгілік шоқжұлдыздары Науаи, Рудаки, Хафиз, Низами, берісі Гете, Бальзак, Байрон, Пушкин сынды тұрғыластары сияқты Абай да мезгілге мойынсұнбайды. Уақытқа – тәуелді, кезеңге кіріптар емес. Жылдар жылжып, күндер сырғыған сайын жаңа бір қырынан ашылып, жаңа бір қырынан жарқырап түседі.

Абай – қазақ тарихындағы, әсіресе оның рухани тарихындағы аса айшықты, аса айбынды, шын мәніндегі ренессанстық тұлға!

Бүгінгі таңда Абай мұраларын тек бір халықтың, тек бір мемлекеттің көлемінде ғана емес, дүниежүзілік өркениет ауқымында қарастыру қажеттігін айрықша айтар ем.

Еуропада – Лев Толстойдың, Азияда – Махатма Гандидің бар ғұмырын әлемдік үйлесім мен жалпы адамзаттық үндестікті өсиеттеумен өткізгенін баршаңыз да жақсы білесіздер. Қай жағынан алсаңыз да, мейлі тереңдік жағынан болсын, мейлі кемелдік жағынан болсын. Абайдың осы қос кемеңгермен қатар тұрып иықтаса алатынына да енді-енді көз жеткізіп келеміз.

Бұл жөнінде біз күні бүгінге дейін жұртшылыққа естіртіп айта алмадық. Бұған кезіндегі әр түрлі саяси шектеулер мен әр қилы қасаң көзқарастар да себепші болды.

Екі тізгін, бір шылбырын өз қолына алған тәуелсіз мемлекет ретінде енді біз Абайдың әлемдік әдебиет пен әлемдік ойдың жарқын жұлдыздарының бірі екенін жан-жақты насихаттап, жан-жақты негіздей білуіміз керек. Философиялық, эстетикалық, әдеби көзқарастардың тұтас бір жүйесін жасаған ұлы ойшылды дүние жүзіне жетек, жеткізе танытуымыз қажет. Сол үшін маңдай терді аямай төгуіміз керек.

Ғарыш пен ғаламдық кеңістікті, адамзат әлемі мен дүниенің шексіздігін, уақыт пен дамудың мәңгілігін бірлікте, тұтастықта алып қарайтын қазіргі кездегі пәтуалы пәлсапаға сенсек, бір дүниенің, яғни, бұ дүниенің ақиқаты – тек жартыкеш ақиқат. Толық ақиқатты айту үшін екі дүниенің де, яки о дүние мен бұ дүниенің де ақиқатын қоса қамту керек. Абай да сол екі дүниеге ортақ ақиқатты, яғни, анық ақиқатты бүкпесіз айтып кеткен адам.

«Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,

«Менікі» өлсе өлсін, оған бекі

Мінеки, ұлы ақын ақыл мен жан өлмейді, тек тән ғана өледі деп тұр.

Абай ұғымынша, өлім деген де өмір сияқты заңды құбылыс:

Адамзат – бүгін адам, ертең топырақ,

Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ.

Ертең өзің қандайсың, білемісің,

Өлмек үшін туғансың, ойлан шырақ.

Абай інісі Оспан өлгенде: «жан біткенге жалынбай, жақсы өліпсің, апырмай», - дейді. Егер ұлы ойшыл өлім табиғатын соншалықты терең түсінбесе, жас кеткен өзінің ең жақсы көретін інісіне «жақсы өліпсің, апырмай!» - деп айтар ма еді?! Керек десеңіз, Абай «Өлім барда қорлық жоқ» дейді. Бұлай деп тіршіліктің тұңғиық пәлсапасының тереңіне сүңгіген, Өмір мен Өлімнің әу бастан бір-бірінен ажырамайтын кіндіктес екенін кәміл түйсінген кемел ойдың, кемел пайымның иесі ғана айта алса керек. Абайдың осындай мәңгіліктің мәніне, шексіздіктің сырына үңілген, тұтас дүние-әлемнің түпсіз тұңғиығына бойлаған заманауи ойларының дәйегі мен мәйегін ашып бере алдық па? Әзірге ұлы ойшылдың дүниетанымының бергі бетін ғана аршыдық. «Абайды әлемдік өркениет ауқымында қарастыру керек» дейтініміздің де түп себебі осында жатыр.

Бұл ретте Абайдың биылғы мүшел тойы, көп елдердің белгілі де беделді қайраткерлері бас қосып отырған бүгінгі конференция айрықша тарихи орын иеленбек. Сондықтан конференция меймандарына, Абай талантының алыстағы, жақындағы жанкүйерлерінің бәріне – Қазақстан үкіметінің атынан зор алғыс айтқым келеді.

Бүгінгі мәжіліске ғалымдардың, абайтанушылардың көбірек қатысқанын есепке ала отырып, мынандай жағдайларға назар аудара кеткенді орынды көріп тұрмын.

Абай шығармаларына текстологиялық тұрғыдан зерттеу – бүгінгі күннің ең зәру мәселесі. Бұл салада басталған жұмыс осы күнге шейін аяғына жетіп көрген емес. Ақын кітабын кезекті жариялау, көбінесе, мерейтойларға қатысты жүргізіледі де, жаңа жинақ ылғи асығыс дайындалады, қолжазбалар мен басылып шыққан кітаптар текстін салыстыра қарауға уақыт жетпей қалады. Рас, Абай шығармалары тексті негізінен қалыптасқан, уақыт сынынан өткен. Солай бола тұрса да, онда әлі де қарайтын, анықтауды қажет ететін жекелеген сөздер мен сөз тіркестері баршылық. Басқа басқа, дәл Абайдың кейбір сөзінің әр жинақта әр түрлі басылып жүруі – бәрімізге үлкен сын. Ең алдымен, ғалымдарымызға сын.

Қоғам өзгеріп, заман жаңғырып жатқан тұста бұрынғы қалыптасқан пікірлер мен орныққан көзқарастардың қайта сараптан өткізіліп, қайта екшелегені жөн. Әсіресе, толықтырып, анықтай түсетін мәселе – Абайдың айналасы, оның өскен ортасы, ұшқан ұясы, ата-анасы мен туған-туысқандары туралы деректер. Ақын өскен ортаның сырын мейілінше дұрыс, мейілінше әділ ашпайынша, Абайдың ақындық сыры да, қайраткерлігі де азаматтық тұлғасы да терең ашылмайды.

Абайды тануда саясат ықпалынан, уақыт қыспағынан аса алмаған кездеріміз болды. Енді заман өзгерген шақта азат елдің азат ойымен, азат жүрегімен, азат зердесімен Абайды қайта тануға тиістіміз.

Мәселен, «Абай отаршылдыққа қарсы күресті ме?» деген сұрақ күн тәртібіне қойылмай келді. Отаршылдыққа қарсы болмаса:

Военный қызмет іздеме,

Оқалы киім киюге...

Қызмет қылма оязға,

Жанбай жатып сөнуге, -

дер ме еді...

Ояз деп отырғаны – патшаның өкілі, отаршыл өкімет. Абай сол өкіметке қызмет қылмауға шақырады.

Абай қазақ халқы үшін бір ғана әдебиеттің ауқымына сыймайды. Ол – күнделікті тіршілігімізді, рухани әлемімізді – қарақан басымызды алып жүруден бастап, биік адамгершілікке дейінгі аралықты тегіс қамтитын жан-жақты құбылыс. Сондықтан да Абайды зерттеуді тек әдебиетші ғалымдардың мойнына жүктеп қоюға болмайды. Абайды ашу үшін өнертанушыларымыз да, философтарымыз да, құқықтанушы ғалымдарымыз да белсенділік танытқаны, аянбай атсалысқаны жөн.

Әрбір қазаққа, шама-шарқынша, Абайды тану – мұрат, Абай шыққан биікке талпыну – парыз.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Желтоқсан көтерілісінің айбынын асыруға не кедергі?
    11/12 22:33 0 296
    2
    Туғанына 100 жыл болған Қасым Қайсенов туралы естеліктер (фото)
    11/12 22:08 0 217
    3
    Атақты "Титаникті" орындаған Димаш сахнаны жарды (видео)
    11/12 21:45 1 16179
    Тұйыққа тірелген тергеу ісінің артында түріктер тұр ма?
    11/12 15:30 0 926
    Түрікменстанда 2019 жыл Доңыз жылы деп аталмайтын болды
    11/12 13:02 0 820
    Президент халықтың әл-ауқатының төмендеуіне өзін кінәлады
    11/12 12:03 0 4732
    Айгүл Шаимова тараздық кәсіпкерлермен кездесті
    11/12 11:10 0 221
    Телефонсыз қалам демесеңіз, IMEI-кодын тіркеуге асығыңыз
    11/12 10:59 0 2289
    "Тілім үшін өлемін, басқасын да аямаймын" деген Руза Бейсенбайтегі бүгін жалғыз емес
    11/12 10:29 2 7789
    Нәбижан Мұхаметханұлы: Қазақстанның осы күнге жететінін Қытайда жүргенде білгенмін
    10/12 16:31 11 6059

    Таныстырылғандар

    Мемлекеттік басқару тиімділігі - уақыт талабы - Махмұт Қасымбеков
    Мемлекеттік басқару тиімділігі - уақыт талабы - Махмұт Қасымбеков
    Мемлекеттік басқару тиімділігі - уақыт талабы - Махмұт Қасымбеков
    Кеше Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығы Махмұт Қасымбеков еліміздің басты телеарналарына сұхбат берді
    30/11/2018 10:24 0 1764
    Еуро-2020 іріктеу кезеңі: Қазақстанның қарсыласы кім?
    Еуро-2020 іріктеу кезеңі: Қазақстанның қарсыласы кім?
    Еуро-2020 іріктеу кезеңі: Қазақстанның қарсыласы кім?
    2019 жылы футболдан Еуропа чемпионаты-2020 жарысының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы он матч өткізеді
    03/12/2018 13:08 0 854
    Украина Ресеймен достық туралы келісімнің күшін жойды
    Украина Ресеймен достық туралы келісімнің күшін жойды
    Украина Ресеймен достық туралы келісімнің күшін жойды
    Украина Ресеймен арада қол қойылған ондаған келісімді бұзды
    03/12/2018 17:45 0 1408
    Тәуелсіздік күрескерлеріне мың алғыс!
    Тәуелсіздік күрескерлеріне мың алғыс!
    Тәуелсіздік күрескерлеріне мың алғыс!
    1986 жылы желтоқсан айының ортасында Алматы қаласындағы Брежнев (қазіргі Республика) алаңы бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды
    04/12/2018 09:31 0 868
    10 жылдан бері Кикабидзе неге Ресейге келгісі келмейді?
    10 жылдан бері Кикабидзе неге Ресейге келгісі келмейді?
    10 жылдан бері Кикабидзе неге Ресейге келгісі келмейді?
    Путин мен Медведев ел басқырып отырғанда мен Ресейге ешққашан бармаймын»
    04/12/2018 11:04 0 1988
    Илон Масктың «SpaceX» компаниясы қазақстандық «Аl-Farabi-2» наноспутнигін іске қосты
    Илон Масктың «SpaceX» компаниясы қазақстандық «Аl-Farabi-2» наноспутнигін іске қосты
    Илон Масктың «SpaceX» компаниясы қазақстандық «Аl-Farabi-2» наноспутнигін іске қосты
    Университеттің наноспутнигі ғарышқа сәтті жіберілді
    05/12/2018 11:51 0 724
    Қазақстан молдаван олигархі Статимен арадағы дауда жеңіске жететініне сенімді
    Қазақстан молдаван олигархі Статимен арадағы дауда жеңіске жететініне сенімді
    Қазақстан молдаван олигархі Статимен арадағы дауда жеңіске жететініне сенімді
    Лондонның Жоғары соты Қазақстан активтерін бұғаттаған АҚШ банктерінің әрекеті қаншалықты заңды екенін қарайды.
    05/12/2018 15:41 0 1070
    Маңғыстаудың білім беру саласында цифрландыру жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілуде
    Маңғыстаудың білім беру саласында цифрландыру жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілуде
    Маңғыстаудың білім беру саласында цифрландыру жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілуде
    Кез келген елді өсіретін де, өшіретін де білім. Мемлекеттің мықтылығы оның білімді азаматтарына тікелей байланысты
    05/12/2018 14:50 0 2080
    Маңғыстау медицинасы қағазбастылықтан толықтай арылды ма?
    Маңғыстау медицинасы қағазбастылықтан толықтай арылды ма?
    Маңғыстау медицинасы қағазбастылықтан толықтай арылды ма?
    Қағазбастылықтан арылу – дәрігерлер мен пациенттердің уақытын үнемдеп, бірқатар экономикалық тиімділіктер береді
    06/12/2018 15:15 0 1762
    Ақтөбеде үздік ауыл еңбеккерлеріне көліктер табысталды
    Ақтөбеде үздік ауыл еңбеккерлеріне көліктер табысталды
    Ақтөбеде үздік ауыл еңбеккерлеріне көліктер табысталды
    Ақтөбеде ауыл шаруашылығы күніне орай жәрмеңке өткізіліп, бір литр сүттің бағасы 200 теңге бір келі ет 1250 теңге, картоп 60 теңге болды
    01/12/2018 14:41 0 1835
    Шымкентте "азанды дұрыс шақырмадың", - деп 5 жастағы баланы ұрып өлтірген (фото)
    Шымкентте "азанды дұрыс шақырмадың", - деп 5 жастағы баланы ұрып өлтірген (фото)
    Шымкентте "азанды дұрыс шақырмадың", - деп 5 жастағы баланы ұрып өлтірген (фото)
    Жан сақтау бөліміне ауыр хәлде түскен 5 жастағы бала қайтыс болды
    09/12/2018 03:37 0 14526
    Маңғыстау әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс
    Маңғыстау әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс
    Маңғыстау әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс
    Бұл жөнінде әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады
    06/12/2018 09:26 0 1064
    «Men qazaqpyn» мега-жобасында маңғыстаулық дәстүрлі әнші топ жарды
    «Men qazaqpyn» мега-жобасында маңғыстаулық дәстүрлі әнші топ жарды
    «Men qazaqpyn» мега-жобасында маңғыстаулық дәстүрлі әнші топ жарды
    «MEN QAZAQPYN» республикалық мега-жобасының «Дәстүрлі ән» аталымы бойынша бас жүлдесі маңғыстаулық өнерпаз Алпысбек Оңайбайұлына бұйырды
    06/12/2018 09:30 0 594
    Маңғыстауда биыл 9 жаңа мектеп пайдалануға берілді
    Маңғыстауда биыл 9 жаңа мектеп пайдалануға берілді
    Маңғыстауда биыл 9 жаңа мектеп пайдалануға берілді
    Маңғыстауда 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші – 84%-тен 97%-ке артты. Келесі жылы бұл көрсеткішті 100%-ке жеткізу негізгі мақсат
    Аудио тыңдау
    10/12/2018 14:01 0 1181
    Алматыда «Латын әліпбиін енгізудің ғылыми ұйымдастырушылық міндеттері» атты семинар өтті
    Алматыда «Латын әліпбиін енгізудің ғылыми ұйымдастырушылық міндеттері» атты семинар өтті
    Алматыда «Латын әліпбиін енгізудің ғылыми ұйымдастырушылық міндеттері» атты семинар өтті
    Семинар-кеңестің мақсаты – латын графикасына негізделген жаңа емле ережелеріндегі шет тілінен енген сөздердің емлесіне қатысты ұсыныс-пікірлерді саралау
    30/11/2018 18:09 0 1852