• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:52:07
Алматы
+35°

25 Тамыз, 2017 Әлеумет

Имамның несие туралы даулы уағызына Қайрат Жолдыбай жауап берді

Белгілі исламтанушы Қайрат Жолдыбай танымал уағызшының айтқандарын жоққа шығарып, ондай үкімнің дұрыс еместігін жазды.

Біраз күн бұрын ғаламтор желісінде танымал имам Әбдіғаффар Смановтың несие туралы айтқан уағызы таралған. Молданың «несиенің әрбір пайызы анаңмен жеті рет зина жасаған күнәмен бірдей» деп айтқаны қазақ халқын дүр сілкіндірген еді. Осыған орай белгілі исламтанушы Қайрат Жолдыбай танымал уағызшының айтқандарын жоққа шығарып, ондай үкімнің дұрыс еместігін жазды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агентттігі.

«Өсім берудің де, алудың да күнә екені белгілі. Алайда оны кісінің анасымен зина жасағаннан да ауыр күнә деген үкім дұрыс емес. Бұл мазмұнда келген хадисті көпшілік мұхаддис ғұламалар тізбек тұрғысынан да, мәтін тұрғысынан да дәлелге жарамсыз екендігін айтқан. Исламдағы зинаға берілетін жазаның ауырлығына қарап-ақ, оны кісінің анасымен, тіпті, жалпы зина атаулымен салыстыруға келмейтінін байқау қиын емес. Өсімнің зинадан да ауыр екендігін білдірген хадистер сахаба Абдуллаһ ибн Сәлам, табиғин Кағбул-ахбар секілді ислам дінін қабылдаған өзге дін өкілдерінің (еврей) риуаяты болмақ. Бұл кісілер бұрынғы діндеріндегі кейбір үкімдерді шатастырып риуаят еткендігі байқалады. Хадистің басқа жолдармен келген (шауаһид, тауабиғ) риуаяттары дәлелге жарамайтындай әлсіз.
PS: Әбдіғаффар ағамыз талай жастардың тура жолға түсуіне себеп болған кісі. Мұны ешкім жоққа шығара алмайды. Хадис жинақтарында кездескен кейбір риуаяттарды жұртты өсімнен сақтандыру мақсатында айтқаны көрініп тұр. Бірақ сəтсіз һəм қате. Алайда кісіні бір-екі сөзіне бола мүлдем сызып тастау да дұрыс емес деп ойлаймын», – деп жазды дінтанушы өзінің Фейсбуктегі парақшасына.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір