• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:19:04
+35°

26 Ақпан, 2019 Әлеумет

ИГИЛ-ға өз еркімен кірген қазақстандық әйел елге қайтуды армандайды

Жанарды ИГИЛ жауынгерлері басқа мемлекетке сатып жібермекші болған немесе өлтірулері мүмкін еді.

5 жыл бұрын ИГИЛ террористік ұйымына қосылған қазақстандық әйел елге қайтқысы келеді. Бұл туралы hawarnews.kz сайты жазды.

Сирия демократиялық күштері гуманитарлық дәлізді ашқан соң ИГИЛ әскерлері құрамындағы мыңдаған отбасы Әл-Холь лагеріне аттанды. Көп отбасы ИГИЛ құрамына кіргендеріне қатты өкінді.

Әл-Хол лагерінде тұрып жатқан отбасылардың ішінде қазақ отбасы да бар. Олар ИГИЛ құрамына 5 жыл бұрын кірген екен. ANHA ақпараттық агенттігіне сұхбат берге Жанар Сирияға қалай барғаны, ИГИЛ құрамына қалай кіргені жайлы айтып берді.

5 баланың анасы, 26 жастағы Жанар араб тілінде сөйледі:

«ИГИЛ жайлы интернеттен оқыдым, содан кейін құрамына қосылуды шештім. Түркия шекарасы арқылы Алеппоға жеттім, кейін Раккаға бардым. ИГИЛ халифатының дәстүріне сәйкес, қазақ әскеріне тұрмысқа шықтым. Дүниеге үш баламыз келді. Күйеуім Сирия демократиялық күштерімен болған соғыста қаза тапты», - деді Жанар.

Кейін Жанар Аш-Шададиге қоныс ауыстырды да6 басқа жиһадшыға тұрмысқа шықты. Сөqтіп дүниеге егіздер келді. Аш-Шададиді азат еткен соң Жанар ирактық Тел-Афар қаласына, ол жақтан Әл-Багузға аттанды. Соңғы қадам Сириядағы ИГИЛ жиһадшылары болды.

Жанар контрабандашылардан қашып құтылмақ болды, бірақ қолынан келмеді.

«Жалдамалылар бізді саудаға салды, жиһад некесі үшін пайдаланды», - деді әйел.

Жанарды ИГИЛ жауынгерлері басқа мемлекетке сатып жібермекші болған немесе өлтіруі де мүмкін еді. Ал әйел бес баласымен Қазақстанға, өз Отанына қайтқысы келеді.

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір