• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:06:15
+35°

12 Желтоқсан, 2018

Танымал композитор Игорь Крутой Димаш туралы пікір білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Композитор ресейлік БАҚ-қа берген сұхбатында Димашпен қалай танысқаны туралы айтып берді.

"Мен оның шығармашылығын әлеуметтік желі арқылы көріп, біліп отырдым. Қытай еліндегі өнерін де көрген болатынмын. Сол кезде оның вокалдық мүмкіндігін байқап, Димашты «Новая волнаға» шақырдым", дейді ресейлік композитор. 

Сонымен бірге Игорь Крутойдың айтуы бойынша, Димаш өзі бірінші болып танысуға қадам жасаған. 

"Мен Димашпен кездейсоқ таныстым. Мен оны Джейкоб есімді америкалық зергердің презентациясында кездестік. Іс-шара барысында Димаш әкесімен бірге менің қасыма келді. Сол сәтте жақынырақ таныса бастады. Кейін ол Сочиде өткен «Новая волнаға» баратын болды. Бір таңғаларлығы Димаш менің әндерімнің барлығын жатқа біледі екен. Сондай-ақ ол «Новая волна» байқауын басынан бастап бақылапты. Осы байқауға қатысуды бұрыннан армандаған. Димашта туа бітті таланттан бөлек тылсым дүние бар. Ол тыңдармандармен космас арқылы тілдесе алады. Себебі мен ғаламторда барлық жаңалықтардан хабардармын. Бұл таңғаларлық жайт. Димаштың жанкүйерлері күннен күнге көбейіп жатыр. Димаш бұдан бөлек тәрбиелі, жақсы жігіт. Мен оны мойындаймын", дейді Игорь Крутой. 

Еске сала кетсек, Ресейдегі "Жыл әні - 2018-ге" қатысқан таланттымыз Димаш Олимпийскийді аузына қаратты. Игорь Крутойдың пианинодағы сүйемелдеуімен "Шаршаған аққулар махаббаты" әнін орындап шыққан ол халықтың ерекше ықыласына бөленді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір