• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:25:56
Алматы
+35°

09 Қараша, 2017 NEWS

Йеменді адамзат тарихында болмаған аштық жайлауы мүмкін

Бұл аштық адамзат тарихындағы ең ауыр әрі қиын аштық болмақ және оның құрбандары миллиондаған адамға жетуі мүмкін

БҰҰ-ның гуманитарлық сұрақтар жөніндегі басшысының орынбасары Марк Лоукок Йемен соңғы бірнеше онжылдықта болмаған ең қатты аштыққа түсу қаупі алдында тұр деп мәлімдеді.

Сауд Арабиясы коалициясы жетекшілігімен жасалған оқшаулау тәсілдері алынбаса, Йеменге гуманитарлық көмек көрсету  қалпына келтірілмесе, жағдай қиын болады деп хабарлайды РИА Новости.

«Мұндай шараларға тыйым салынбайынша, Йеменде аштық болады. Бұл аштық адамзат тарихындағы ең ауыр әрі қиын аштық болмақ және оның құрбандары миллиондаған адамға жетуі мүмкін»-делінді БҰҰ-да.

Йеменде азамат соғысы 2014 жылдан бері жалғасып келеді. Осының салдарынан тұрғындардың жартысы ауыр гуманитарлық жағдайды бастан өткеруде.

Осы дүйсенбіде, араб коалициясы Йеменнің теңіз, әуе, теміржол порттарын жабатынын мәлімдеді. Мұның барлығы Йеменнің хусит-көтерілісішілерінің Эр-Риядға зымыран жіберуінен кейін орын алды.

Ал, БҰҰ болса, өз кезегінде Йеменнің барлық порттарының жабылуына қатысты өздерінің алаңдаушылықтарын білдірді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір