• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:55:44
Алматы
+35°

19 Маусым, 2018 Спорт

Ибрагим Ескендір ресейлік қарсыласын нокаутпен тізе бүктірді (видео)

Қазақстандық спортшы бұл жеңісін алаштың тілі – қазақ тіліне арнаймын деді.

Ибрагим Ескендір кәсіпқой бокстағы үшінші қарсыласын екінші раундта тізе бүктірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мәскеуде түбінде өткен жекпе жекте Ибрагим Ескендір тәжірибелі боксшы Дмитрий Антиповпен қолбақ түйістірді. Ол кәсіпқой бокста 10 рет кездесу өткізген. 

Ибрагим Ескендір

Қазақстандық спортшы бұл жеңісін алаштың тілі – қазақ тіліне арнаймын деді.

Үшінші қарсыласын да нокаутпен жеңген Ибрагим Ескендірдің келесі жекпе-жегі 7-ші шілдеде Астана қаласында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, «Көк тудың желбірегені» әнімен танылған Ибрагим Ескендірдің алғашқы жекпе жегі Шерғаз Шақтанов есімді қырғыз спортшысымен өтсе, екінші кездесуде тәжікстандық Расул Самадовпен шаршы алаңға шыққан болатын. Екі жекпе-жекте де отандасымыз уақытынан бұрын жеңіс тұғырынан көрінді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір