• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:48:50
Алматы
+35°

24 Сәуір, 2019 Саясат

Янукович Украинаға оралғысы келеді

Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович, президент сайлауында жеңіске жеткен Зеленский мемлекет тізгінін түбегейлі қолына алғаннан кейін Киевке

Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович, президент сайлауында жеңіске жеткен Зеленский мемлекет тізгінін түбегейлі қолына алғаннан кейін Киевке қайта оралғысы келетінін жеткізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  lenta.ru сайтына сілтеме жасай отырып. Ол туралы экс-президенттің адвокаты Виталий Сердюк хабарлаған.

Сердюктің айтуынша, Петр Порошенко президент болған кезде Янукович саяси қысым салдарынан елден кетуге мәжбүр болған. Адвокат билік басына Владимир Зеленскийдің келуімен бұл жағдай әділ шешімін табады деген үмітте.

Қазіргі таңда экс-президент Януковичке тағылған айыптаулар алынып тасталмайынша, ол Ресейде қалуға мәжбүр екенін атап өтті. Оның құқықтарын қалпына келтіріп, Януковичтің қудалануы тек саяси сипатқа ие екенін дәлелдегісі келеді.

Сонымен қатар, экс-президенттің қорғаушысы 2014 жылдың оқиғасына себепкер болған шын кінәлілерді анықтап, жауапқа тартқысы келетінін жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, Виктор Янукович  2014 жылы 22 ақпанында, Украинадағы саяси жағдай ушығып тұрған кезеңде Ресейге кеткен болатын.  Сол себепті Януковичті мемлекетке сатқындық жасады деп айыптап, сыртынан 13 жылға бас бостандығынан айырған.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір