• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:56:37
Алматы
+35°

06 Маусым, 2018 Әлеумет

Яндекс дерегі бойынша Алматыда көлік шырғалаңы жиі болатын жерлер

Қаладағы жол-көлік апаты ең көп болатын жерлер үлкен жол желілерінде орналасқан.

Яндекс.карталар және яндекс.навигатордың деректері бойынша 2017-ші жылдың қаңтар-желтоқсан айлары арасында Алматыда жиі көлік апаты болған жерлерді саралады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жол-көлік апаты ең көп болатын және ең қауіпті көшелерді анықтау үшін Алматының картасы 100 метрлік шеттері бар квадраттарға бөлінді. Жол-көлік апаты ең көп болатын көшелер жүргізушілер апат жайында ең көп қалдырған белгілер бойынша саналды. Ал ең қауіпті жерлер белгі санының Навигатор қосылу күйде квадрат арқылы жүру санына қатынасы ең жоғарғы болған жерлер болып шықты.

Қаладағы жол-көлік апаты ең көп болатын жерлер үлкен жол желілерінде орналасқан. Оның ішінде Ташкентский тракт, Саин көшесі (әсіресе туннелі бар жерлер), Рысқұлов, Райымбек және әл-Фараби даңғылын айрықша атауға болады. Жол апаттары қаланың оңтүстігі мен шығысына қарағанда, көбінесе солтүстік пен батысында көп белгіленеді.

Жол-көлік апаты қаупі көбінесе қаланың солтүстігі мен батысында арналасқан жол қиылыстарында аса жоғары. Оның ішінде Рысқұлов және Райымбек даңғылы, Ташкентский тракт, Саин көшесін тағы да аса бөліп айтуға болады. Ең қауіпті жерлер Алматының солтүстігінде – он жердің ішінде алтысы Рысқұлов пен Райымбек даңғылында тұр. Жол-көлік апаты ең көп болған және ең қауіпті жерлер тізіміндегі бірінші екі орын бірдей болып шықты. Ол Ташкентский тракт жолының қаладан шыға бергенде Алтын Орда базарының жанындағы бөлігі және Рысқұлов даңғылы мен Ырысты көшесінің қиылысы. Сондай-ақ екі тізімге Рысқұлов даңғылындағы тағы бір жол бөлігі кірді – ол Сүйінбай даңғылының қиылысы.

 

2017-ші жылы Алматыда жол-көлік апаты ең көп болған 10 жер 2017-ші жылы Алматыдағы ең қауіпті 10 жер
Екі тізімге де енген жерлер бөлініп көрсетіліп тұр  
1. Ташкентский тракт жолының бөлігі «Апорт молл» мен Алтын Орда әмбебап базарының аралығында 1. Ташкентский тракт жолының бөлігі «Апорт молл» мен Алтын Орда әмбебап базарының аралығында
2. Рысқұлов даңғылы мен Ырысты көшесінің қиылысы 2. Рысқұлов даңғылы мен Ырысты көшесінің қиылысы
3. Саин мен Шаляпин көшелерінің қиылысы 3. Жұмабаев пен Северное кольцо көшелерінің қиылысы
4. Райымбек даңғылының бөлігі Бөкейханов пен Байзақов көшелерінің аралығында 4. Ташкентский тракттың бөлігі «Газпромнефть» жанармай құю бекеттері аралығында
5. Әл-Фараби даңғылының бөлігі Ходжанов көшесі мен Villa Boutiques & Restaurants сауда орталығының аралығында 5. Райымбек даңғылы мен Бөкейханов көшесінің жол айырығы
6. Райымбек пен Сәкен Сейфуллин даңғылы қиылысы 6. Райымбек даңғылы мен Бауыржан Момышұлы көшесінің жол айырығы
7. Саин көшесінің Жұбанов көшісі қиылысына жетпей және өткендегі жол бөлігі 7. Рысқұлов пен Сүйінбай даңғылының жол айырығы
8. Рысқұлов пен Сүйінбай даңғылының жол айырығы 8. Бөкейханов көшесі Рысқұлов пен Райымбек даңғылының аралығында
9. Рысқұлов даңғылы мен Немирович-Данченко көшесінің қиылысы 9. Райымбек даңғылының бөлігі көпір мен Емцов көшесінің аралығында
10. Саин көшесінің Жандосов көшесі қиылысына жетпей және өткендегі жол бөлігі 10. Рысқұлов даңғылының бөлігі Ботақара және Соқпақбаев көшелерінің аралығында

Яндекс.Карталар және Яндекс.Навигатордың деректері бойынша, қаңтар-желтоқсан, 2017-ші жыл

Алматының жолдары жылудың келуімен, наурыз айында, сонымен қатар шілдеде, демалыс маусымы басталған кезде аса қауіпсіз. Осы айларда жол-көлік апаты туралы хабарламалар мың есе аз болады. Тамыз бен қыркүйек айларында көрсеткіштер қайтадан көтеріліп, жылдың соңына дейін жолдарда жоғары қауіпті көрсетеді. Жыл ішіндегі ең қарбалас кез қыркүйектің ортасына түсіп отыр. Ең қауіпті және жол-көлік апаты ең көп болатын жерлердің интерактивті карталарын «Автомобильные аварии в Алматы» атты зерттеудің толық нұсқасынан қараңыздар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір