• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:27:44
Алматы
+35°

29 Тамыз, 2018 Саясат

Ядролық сынақтарға қарсы мәселелер талқыланды

Мемлекет басшысы кездесу соңында Қазақстанның антиядролық бастамаларына үнемі атсалысып жүргені үшін Л.Зербоға алғыс білдірді.

Мемлекет басшысы бүгінгі кездесу Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні өтіп отырғанына тоқталып, бұл күнді белгілеуге Қазақстанның бастамашы болғанын айтты.

Кездесу

– Бәрі де 1991 жылғы 29 тамызда әлемдегі ең ірі ядролық сынақ алаңының жабылуынан басталған болатын. Содан кейін Невадада және басқа да полигондарда сынақтар тоқтатылды. Біз ядролық қару-жарақтан бас тарттық және соның арқасында антиядролық қозғалыс көшбасшыларының қатарына қосылдық, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Лассина Зербо Қазақстан Президентімен кездесудің осы күні өтуінің символдық мәнін атап өтіп, өзі жетекшілік ететін ұйымның жер бетіндегі ядролық сынақтарға қарсы тұру және бейбітшілікті сақтау жолында күш жұмылдыра беретінін мәлімдеді.

Мемлекет басшысы кездесу соңында Қазақстанның антиядролық бастамаларына үнемі атсалысып жүргені үшін Л.Зербоға алғыс білдірді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір