• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:52:27
Алматы
+35°

14 Қаңтар, 2019 Әлем

Хиджабтағы қыз университеттен қуылды (видео)

Айта кетсек, ереже бойынша студент қыз жоғары комиссияға шағым түсіруге құқылы.

Мысырдағы танымал "әл-Азһар" университетінде студент қыз "шариғатқа қайшы әрекеті" үшін университеттен шығарылды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жігіт университеттің жанында студент қызға тұрмысқа шығуға ұсыныс жасайды. Қыз келісім берген кезде, жігіт өзінің болашақ қалыңдығын құшақтап алады. Аталмыш видео қызу талқыға түскен. Кейін университет басшылығы студент қызды "Әл-Азһар университетінің қағидалары мен ережелеріне құрметсіздік танытты",– деп айыптап, оқудан шығарды. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Айта кетсек, ереже бойынша студент қыз жоғары комиссияға шағым түсіруге құқылы. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір