• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:07:57
Алматы
+35°

07 Сәуір, 2017 NEWS

Хиджаб киюден бас тартқан қызына анасы қандай жаза қолданды?

Италия елінің Балонья қаласында жұрт таң қаларлықтай оқиға болды. Анасы өзінің 14 жастағы қызы хиджаб киюден бас тартқаны үшін шашын тақырлап алып тастады деп...

Италия елінің Балонья қаласында жұрт таң қаларлықтай оқиға болды. Анасы өзінің 14 жастағы қызы хиджаб киюден бас тартқаны үшін шашын тақырлап алып тастады деп хабарлайды "Қамшы" ақпараттық агенттігі Baq.kz-ке сілтеме жасап. Оны байқаған мектеп басшылығы құқық қорғау органдарына хабарлаған. 14 жасар қыздың және оның сіңлілерінің мәселесімен әлеуметтік қызметкерлер айналысуда. Осы мәліметке сүйенсек анасы басқа қыздарын да хиджаб киюге мәжбүрлеген болуы әбден мүмкін.

Қыздың отбасы бірнеше жыл бұрын Бангладештен Болонья іргесіндегі елді мекенге қоныс аударған екен. Көршілері ерлі-зайыптылардың теріс әрекетін байқамаған. Полицияның назарына да еш ілікпеген көрінеді. Кейінірек анықталғандай, әкесі мен анасы балаларына күш көрсетпеген, бірақ психологиялық қысым жасаған.Қыздарына үйден ата-анасынсыз шығуға, көшеде хиджабсыз жүруге немесе өзімен қатарлас ұлдармен сөйлесуге тыйым салған. Айтылғандарды орындамаса, қатаң жазалаймыз деп қорқытқан.

Мұсылмандар қауымының үйлестірушісі Яссин Лафрамның айтуынша, балаға күштеп хиджаб кигізу ислам дініне қайшы. Әр адам оны жүрек қалауымен жасауы керек.

Әлеуметтік қызмет қыздарды ата-анасынан алып қойды. Балалардың тағдырын енді сот шешеді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір